operation manual
KK 43
Қазақ
Балалардан қорғау құлпы
Балаларды қолайсыз
телебағдарламалардан қорғау үшін
теледидарды немесе жасқа байланысты
шектелген бағдарламаларды блоктауға
болады.
Балалардан қорғау құлпының кодын қою
немесе өзгерту
1. түймесін басыңыз.
2. [Баптау] > [Арна параметрлері] не
[Спутник параметрлері] > [Балалардан
құлпы] опциясынтаңдаңыз.
3. [Кодты орнату] немесе [Кодты өзгерту]
тармағын таңдаңыз.
4. Кодты Санды түймелер (Сандық
түймелер) көмегімен енгізіңіз.
Кеңес: Арналарға арналар тізімінен
кірсеңіз, құлып кодын енгізу сұралады. Код
ұмытылған жағдайда, ағымдағы кодтарды
жою үшін, «8888» енгізіңіз.
Арналарды құлыптау немесе құлпын ашу
1. Балалардан қорғау құлпы мәзірінен
[Арнаны құлыптау] опциясын таңдаңыз.
2. Санды түймелер көмегімен балалардан
қорғау кодын енгізіңіз.
3. Құлыптау немесе құлпын ашу қажет
арналарды таңдаңыз. Құлыпты белсендіру
үшін теледидарды қайта іске қосыңыз.
Ескертпе.
Арналарға арналар кестесінен кірсеңіз,
құлыптау кодын енгізу сұралады.
Ата-аналық құлып деңгейі
Теледидарды тек балаңыздың жасынан
кіші жас деңгейлері орнатылған
бағдарламаларды көрсететін етіп қоюға
болады. Бұл шектеу бағдарламаларды
жасқа байланысты жіктейтін
таратушылардан алынған сандық арналарға
ғана қолданылады.
1. түймесін басыңыз.
2. [Баптау] > [Арна параметрлері] немесе
[Спутник параметрлері] опциясын
таңдаңыз.
3. [Балалардан құлпы] > [Ата-ана
рейтингі] опиясын таңдаңыз.
Балалардан қорғау кодын енгізу сұралады.
4. Сұралғанда, ата-аналық құлып кодын
Санды түймелер (Сандық түймелер)
көмегімен енгізіңіз.
5. Жас деңгейін таңдап, OK түймесін
басыңыз.
Таңдалған жас деңгейінен жоғары барлық
бағдарламалар блокталады.
Балалардың көруін шектейтін блоктау
кодтары туралы ақпарат алу үшін
Теледидардың қосымша мүмкіндіктерін
пайдалану > Блоктау мен таймерлерді
орнату > Балалардан қорғау қҡ лпы (Бет
42) бөлімін қараңыз.