operation manual
KK 5
Қазақ
3D денсаулыққа зияндығын
ескерту
Тек 3D теледидарлары үшін.
Сіз немесе сіздің отбасыңыз қояншық
немесе жарық сезгіштіктен ауырсаңыз,
жарық көздеріне, жылдам кескін
ретіне шықпастан бұрын немесе 3D
көрместен бұрын медицина
қызметкерімен кеңесіңіз.
Бастың айналуы, бастың ауыруы
немесе бағдардың бұзылуы сияқты
ыңғайсыздықты болдырмау үшін ұзақ
уақыт 3D көрмеуіңізді ұсынамыз. Кез
келген ыңғайсыздықты сезінсеңіз, 3D
көруді тоқтатыңыз және симптомдар
кетпейінше, кез келген ықтималды
қаупі бар әрекетпен (мысалы, көлік
жүргізумен) бірден айналыспаңыз.
Симптомдар бар болса, бірінше
медицина қызметкерімен
кеңеспейінше, 3D көруді
жалғастырмаңыз.
3D көру кезінде ата-аналар өздерінің
балаларын қадағалауы қажет және
жоғарыда айтылған
ыңғайсыздықтарды сезінбейтіндеріне
көз жеткізуі қажет. Көру қабілеті әлі
толық жетілмегендіктен, алты жасқа
толмаған балаларға 3D көру
ұсынылмайды.
3D көзілдірігін осы 3D теледидарын
көруден басқа ешқандай мақсатқа
пайдаланбаңыз.
Күтім
Экран
Теледидардың экранына зақым келу
қаупі бар! Ешқашан экранды
ұстамаңыз, баспаңыз, ысқыламаңыз
немесе кез келген нысанмен
қырмаңыз.
Тазалау алдында теледидардың
шнурын ажыратыңыз.
Теледидар мен жақтауын жұмсақ, әрі
дымқыл шүберекпен тазалаңыз және
жайлап сүртіңіз. Ешқашан алкоголь,
химиялық заттар немесе тұрмыстық
тазалағыштар сияқты заттарды
теледидарға пайдаланбаңыз.
Сызылуын және түсінің кетуін
болдырмау үшін, мүмкідігінше су
тамшыларымен сүртіп тұрыңыз.
Мүмкіндігінше негізгі суреттерді
қолданбаңыз. Қозғалмайтын
кескіндер дегеніміз экран бетінде
ұзақ уақыт сақталатын кескіндер.
Қозғалмайтын кескіндерге экрандық
мәзірлер, қара жолақтар, уақыт
дисплейлері және т.б. жатады. Егер
қозғалмайтын кескіндерді пайдалану
керек болса, экранның зақымдануын
болдырмау үшін экран контрасты мен
жарықтығын азайтыңыз.