operation manual

KK 50
Жерсерік параметрлері
Не істеуге болады
Бұл теледидар 4 түрлі аз шу шығаратын
төмен бағытталған түрлендіргіштерден
(LNB) сигналдарды қабылдайды. LNB
түрлендіргіші параболалық антеннаның
полюстің астыңғы жағында орналасқан әрі
жерсеріктен сигналдарды қабылдайды.
Ескертпе:
Жерсерік қабылдау тек белгілі бір
үлгілерде қол жетімді. [Спутник іздеу]
параметрі теледидар DVB-S
таратылымын қолдаса, қолжетімді
болады.
Жерсерік арналарын алу үшін,
жерсерік қабылдағышын
теледидардағы SAT қосқышына
жалғаңыз.
Жерсерік арналарын орнату
Жерсеріктерді қайта орнату
1. Теледидарды көріп отырған кезде
түймесін басыңыз.
2. [Баптау] > [Спутник іздеу] >
[Спутниктерді қайта орнату] тармағын
таңдаңыз.
3. Орнатуды аяқтау үшін, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
4. Аяқталғаннан кейін, [Аяқтау] тармағын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
Байланыс түрін таңдау
Жерсерік арналарын орнатқанда, қосылым
түрін таңдауыңыз керек. Параболалық
антеннадағы LNB түрлендіргіш саны
орнатуға болатын жерсерік арналарының
санын анықтайды.
1. Жерсеріктерді қайта орнату кезінде
[Параметрлер] параметрін таңдап, OK
түймесін басыңыз.
2. [Байланыс түрі] опциясын таңдаңыз.
3. Параметрді таңдап, OK түймесін
басыңыз.
[1 жерсерік (Бір LNB)]: тек бір LNB
бар болған жағдайда таңдау.
[2 жерсерік (DiSEqC Mini)]: 2 LNB
бар болған жағдайда таңдау.
[3 немесе 4 жерсерік (DiSEqC 1.0)]:
3 не 4 LNB бар болған жағдайда
таңдау.
[1 жерсерік үшін бір кабель]: 1
жерсерікпен бір кабель орнатуы
болса таңдаңыз.
[2 жерсерік үшін бір кабель]: 2
жерсерікпен бір кабель орнатуы
болса таңдаңыз.
Қолмен орнату
Орнату барысында транспондер өткізілсе,
транспондердің сигнал күшін тексеруге
немесе жаңа транспондер қосуға болады.
1. Теледидарды көріп отырған кезде
түймесін басыңыз.
2. [Баптау] > [Спутник іздеу] > [Қолмен
орнату] опцияларын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
3. LNB түрлендіргішін таңдаңыз.
4. Транспондер жиілігін (бірнеше арнаны
қамтуы мүмкін) білсеңіз, [Жиілік]
параметрін таңдап, жиілікті орнатыңыз.
5. [Іздеу] таңдап, одан кейін OK түймесін
басыңыз.
6. Жаңа жиілік табылса, арналары бар жаңа
танспондер қосу үшін, [Сақтау] түймесін
басыңыз.
Жерсерік арналарын жаңарту
1. Теледидарды көріп отырған кезде
түймесін басыңыз.
2. [Баптау] > [Спутник іздеу] >
[Арналарды жаңарту] тармағын таңдаңыз.
3. Орнатуды аяқтау үшін, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
4. Аяқталғаннан кейін, [Аяқтау] тармағын
таңдап, OK түймесін басыңыз.