operation manual
KK 69
Қазақ
EasyLink құрылғыларын
орнату
Не істеуге болады
Philips EasyLink жетілдірілген басқару
мүмкіндіктерін пайдаланып, HDMI-CEC
жүйесімен үйлесімді құрылғыларды тиімді
пайдаланыңыз. HDMI-CEC жүйесімен
үйлесімді құрылғыларды HDMI қабелімен
теледидарға жалғап, оларды ТД қашықтан
басқару пультімен бір уақытта басқарыңыз.
Ескерту: Басқа брендтер HDMI-CEC
функциясын басқаша сипаттайды. Мысалы,
Anynet (Samsung), Aquos Link (Sharp)
немесе BRAVIA Sync (Sony). Барлық
брендтер Philips EasyLink мүмкіндігімен
толық үйлесімді болмайды.
Philips EasyLink қызметіне ауысып қосылған
соң, келесі мүмкіндіктер қол жетімді
болады:
Бір рет түртіп ойнату
HDMI-CEC жүйесімен үйлесімді
құрылғыны ойнатқанда, теледидар күту
режимінен қосылып, тиісті көзге ауысады.
Бір рет түрту арқылы күту
Теледидардың қашықтан басқару
пультіндегі түймесін басқан кезде,
теледидар мен барлық HDMI-CEC
жүйесімен үйлесімді құрылғылар күту
режиміне ауысады.
Белсенді емес құрылғыларды автоматты
түрде өшіру
HDMI-CEC үйлесімді құрылғы біраз уақыт
бойы белсенді емес болса, ол күту
режиміне ауысады.
EasyLink қашықтан басқару пульті
Теледидардың қашықтан басқару пульті
арқылы бірнеше HDMI-CEC жүйесімен
үйлесімді құрылғыларды басқаруға болады.
Жүйенің дыбысын басқару
Егер динамиктері бар HDMI-CEC
жүйесімен үйлесімді құрылғыны HDMI
ARC қосқышы арқылы жалғасаңыз,
теледидар динамиктерінің орнына
теледидарды сол динамиктерден
тыңдауға болады.
Сурет сапасын сақтау
Теледидардың сурет сапасына басқа
құрылғылардың суретті өңдеу
мүмкіндіктері әсер етсе, сурет сапасын
сақтау үшін Pixel Plus Link (Қосымша
пиксел қосу) функциясын қосуға болады.
Субтитрі бар бейне үшін дисплейді
барынша үлкейту
Кейбір субтитрлер бейненің астында
бөлек субтитр жолағын жасауы мүмкін; ол
бейне көрсету аумағын шектейді. Бейне
көрсету аумағын ұлғайту үшін, субтитрді
автоматты түрде жылжыту функциясын
қосып, субтитрлерді бейне суретінде
көрсетуге болады.
Қажетті әрекеттер
HDMI-CEC үйлесімді құрылғыны
теледидарға қосыңыз. Бірнеше
HDMI-CEC құрылғысын қосуға
болады. Теледидарды қосу >
Құрылғылар жалғау (Бет 58) бөлімін
қараңыз.
Әрбір HDMI-CEC үйлесімді
құрылғыны дұрыстап теңшеңіз.
EasyLink функциясын қосыңыз.
EasyLink функциясын қосыңыз
1. түймесін басыңыз.
2. [Баптау] > [Теледидар параметрле] >
[Жалпы параметрлер] > [EasyLink]
опцияларын таңдаңыз.
3. [EasyLink] > [Қосулы] таңдап, одан
кейін OK түймесін басыңыз.