operation manual
KK 7
Қазақ
Заңды
Ескерту
2013 © TP Vision Netherlands B.V. Барлық
құқықтары қорғалған. Техникалық
сипаттамалары ескертусіз өзгертіледі.
Сауда белгілері Koninklijke Philips
Electronics N.V компаниясының немесе
қатысты иеленушілерінің меншігі болып
табылады. TP Vision Netherlands B.V. кез
келген уақытта сәйкесінше жабдықтарын
ертерек реттеу міндетінсіз өнімдерді
өзгерту құқығын өзінде қалдырады.
Бұл нұсқаулықтағы материал жүйені дұрыс
пайдалануға жеткілікті деп саналады. Егер
өнім немесе оның жеке модульдері
немесе тәртіптері осында көрсетілгеннен
басқа мақсаттарға пайдаланылса, оның
негізділігі мен қолайлылығын растауға қол
жеткізу керек. TP Vision Netherlands B.V.
материалдың Америка Құрама
Штаттарының патенттерін бұзбайтынына
кепілдік береді. Ешқандай кепілдік
берілмейді немесе айтылмайды.
TP Vision Netherlands B.V. осы құжат
мазмұнындағы кез келген қателерге
немесе осы құжат мазмұнының нәтижесі
ретінде шыққан кез келген ақауларға
жауапты емес. Philips құрылғысында
жазылған қателер Philips қолдау көрсету
веб-торабына мүмкіндігінше қысқа
мерзімде орнатылады және жарияланады.
Кепілдік шарттары
Жарақат салу, теледидарды зақымдау
немесе кепілдіктің бұзылу қаупі бар!
Ешқашан теледидарды өзіңіз
жөндеуге талпынбаңыз.
Теледидар мен аксессуарларды
өндіруші көрсеткен мақсаттарға ғана
пайдаланыңыз.
Теледидардың артқы жағында
басылған сақтандыру белгісі электр
тогының соғу қаупін көрсетеді.
Ешқашан теледидардың жабынын
шешпеңіз. Қызмет көрсету немесе
жөндету жұмыстары үшін әрдайым
Philips тұтынушыларға қолдау көрсету
орталығымен хабарласыңыз.
Осы нұсқаулықта нақты тыйым
салынған кез келген әрекет немесе
осы нұсқаулықта ұсынылмаған немесе
рұқсат берілмеген реттеу немесе
жинау процедуралары кепілдікті
жарамсыз етеді.
Пиксель сипаттамалары
Бұл СКД/ЖД өнімінде түрлі түсті
пикселдердің саны жоғары. Оның тиімді
пикселдері 99999% не одан көп
болғанымен, экранға қара дақтардың
немесе жарықтың ашық нүктелерінің
(қызыл, жасыл немесе көк) үнемі шығуы
мүмкін. Бұл дисплейдің құрылымдық
сипаты (жалпы өнеркәсіп стандарттары
шеңберінде) және ол ақаулық болып
саналмайды.
CE белгісімен үйлесімділік
Бұл өнім 2006/95/EC (төмен кернеу),
2004/108/EC (EMC) және 2011/65/EU
(ROHS) директиваларының тиісті
талаптары мен басқа да сәйкес
ережелеріне сәйкес келеді.
Электр магнитті өріспен (ЭМӨ)
үйлесімділігі
TP Vision Netherlands B.V. тұтынушыларға
арналған, басқа электрондық құрылғылар
сияқты, негізінде, электр магнитті
сигналдар шығаратын және қабылдайтын
қабілеті бар көп өнімдер жасайды және
сатады.
Philips компаниясының негізгі жұмыс
ұстанымдарының бірі біздің өнімдерімізге
барлық қажетті денсаулық және қауіпсіздік
шараларын сақтау, қолданыстағы барлық
заң талаптарын ұстану және өнімді жасау
кезінде қолданылатын ЭМӨ ішінде
сақтану болып табылады.