operation manual

KK 70
Құрылғыларды басқару
Бұл параметрді қолдайтын бірнеше
HDMI-CEC жүйесімен үйлесімді
құрылғыны жалғасаңыз, сондай
құрылғылардың барлығын ТД қашықтан
басқару пульті арқылы басқаруға болады.
Ескертпе. Бұл қосымша параметр. Бұл
параметрді қолдамайтын құрылғылар
қашықтан басқару пульті арқылы
басқарылмайды.
1. түймесін басыңыз.
2. [Баптау] > [Теледидар параметрле] >
[Жалпы параметрлер] > [EasyLink] >
[EasyLink қашықтан басқ. құралы]
параметрлерін таңдаңыз.
3. [Қосулы] немесе [Ажыратулы]
опциясын таңдап, одан кейін OK түймесін
басыңыз.
Кеңестер:
Теледидарды басқаруға оралу үшін
түймесін басыңыз, сонан соң [ТД
қарау] параметрін таңдаңыз.
Басқа құрылғыны басқару үшін,
түймесін басып, бастапқы мәзірден
құрылғыны таңдаңыз.
EasyLink түймелері
HDMI-CEC жүйесімен үйлесімді
құрылғыларды ТД қашықтан басқару
пультіндегі мына түймелер арқылы
басқаруға болады:
: теледидар мен жалғанған
құрылғыны қосу не күту режиміне
ауыстыру.
Ойнату түймелері: Бейнені немесе
музыканы ойнатуды басқару.
Санды түймелер: Тақырыпты, бөлімді
немесе тректі таңдау.
OK: Қосылған құрылғыда ойнатуды
бастау, кідірту немесе жалғастыру,
таңдауды қосу немесе құрылғы
мәзіріне кіру.
: теледидардың бастапқы мәзірін
көрсету.
Қосылған құрылғыларды өшіру
Теледидарды HDMI-CEC үйлесімді
құрылғылары белсенді көз болмаған
жағдайда оларды өшіруге орнатуға
болады. Теледидар байланыс құрылғысын
10 минут әрекетсіздіктен кейін күту
режиміне қояды.
1. түймесін басыңыз.
2. [Баптау] > [Теледидар параметрле] >
[Жалпы параметрлер] > [EasyLink]
опцияларын таңдаңыз.
3. [Құрылғыларды автоматты өшіру] >
[Қосулы] таңдап, одан кейін OK түймесін
басыңыз.
Динамик шығысын таңдау
Егер жалғанған құрылғы HDMI дыбыс
қайтару арнасымен (HDMI ARC) үйлесімді
болса, теледидар дыбысын HDMI кабелі
арқылы шығаруға болады. Қосымша дыбыс
кабельдердің қажеті жоқ. Құрылғыны
теледидардың HDMI ARC коннекторына
жалғағаныңызға көз жеткізіңіз.
Теледидарды қосу > Кабельдер туралы >
HDMI (Бет 57) бөлімін қараңыз.
HDMI ARC жүйесін қосу
1. түймесін басыңыз.
2. [Баптау] > [Теледидар параметрле] >
[Дыбыс] > [Кеңейтілген] > [HDMI 1 -
ARC] параметрлерін таңдаңыз.
3. Келесіден біреуін таңдап, OK түймесін
басыңыз.
[Қосулы]: Теледидар дыбысын
қосылған HDMI-ARC үйлесімді
құрылғысы арқылы естіңіз.
[Ажыратулы]Теледидар дыбысын
теледидардың динамиктері арқылы
немесе сандық аудио шығыс
коннекторымен қосылған құрылғы
арқылы естіңіз.
Ескертпе: Қосылған құрылғыда барлық
HDMI-CEC параметрлерінің дұрыс
орнатылғанын тексеріңіз.