operation manual
KK 74
WPS шифрлау арқылы сенімді байланыс
орнату
1. PIN кодымен қауіпсіз байланыс орнату
үшін, [WPS PIN коды] таңдап, OK
түймесін басыңыз.
2. Теледидарда көрсетілетін 8 сандық PIN
кодын жазып алып, компьютердегі
маршрутизатор бағдарламасында енгізіңіз.
PIN кодты қайта енгізу керек екенін
маршрутизатор нұсқаулығында қараңыз.
WPA шифрлау арқылы сенімді байланыс
орнату
Машрутизаторда WPA (Wi-Fi
технологиясымен қорғалған кіру рұқсаты)
қауіпсіздігі бар болса, қашықтан басқару
пультімен кіру тіркесін енгізіңіз.
1. Шифрлауды қолмен енгізу үшін,
[Стандартты] поциясын таңдап, OK
түймесін басыңыз.
2. Экрандағы пернетақтаға кіру үшін, мәтін
енгізу өрісін таңдап, одан кейін OK
түймесін басыңыз.
WEP шифрлау арқылы сенімді байланыс
орнату
Егер WEP қауіпсіздік шифрлауы бар болса,
теледидар он алтылық сандар түріндегі
WEP шифрлау кілтін сұрайды.
1. Компьютердегі машрутизатор
бағдарламасында он алты сандық кілтті
тауып, WEP кілттер тізіміндегі бірінші
кілтті жазып алыңыз.
2. Машрутизаторды жалғау үшін,
теледидарда қашықтан басқару пульті
арқылы қауіпсіздік кілтін енгізіңіз.
3. Сұралған жағдайда, соңғы
пайдаланушының лицензиялық келісімін
шарттарын қабылдаңыз.
Желі параметрлері
Теледидар желісінің аты
Үй желісінд бірнеше ТД қосылған болса,
бұл теледидарға басқаша атауға болады.
1. түймесін басыңыз.
2. [Баптау] > [Желі параметрлері] > [ТД
желісінің атауы] опцияларын таңдап, OK
түймесін басыңыз.
3. Атауды енгізу үшін экрандағы
пернетақтаны немесе қашықтан басқару
пультінің пернетақтасын пайдаланыңыз.
Miracast қызметін қосу
Бұл теледидар — Miracast куәлігі бар
теледидар. Wi-Fi құрылғысынан мазмұнды
теледидарда тегіс түрде көрсету үшін,
Miracast қызметін қосыңыз.
Ескертпе: Miracast қызметі тек белгілі бір
мобильді құрылғылармен жұмыс істейді.
1. түймесін басыңыз.
2. [Баптау] > [Желі параметрлері] >
[Wi-Fi Miracast] опцияларын таңдаңыз.
3. Miracast қызметін қосу үшін [Қосулы]
параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
Кеңес: Барлық Wi-Fi Miracast
құрылғыларының журналын тазалау үшін
[Баптау] > [Желі параметрлері] > [Wi-Fi
Miracast құрылғыларын жою] тармағын
таңдаңыз.
Қашықтан жазу мүмкіндігін қосу
Бұл теледидар Wi-Fi құрылғысынан
жоспарланған қашықтан жазу мүмкіндігін
қолдайды.
Ескертпе: Қашықтан жазу мүмкіндігін
қоссаңыз, теледидар күту режимінде
көбірек қуат тұтынады.
1. түймесін басыңыз.
2. [Баптау] > [Желі параметрлері] >
[Менің қашықтағы жазбам] опцияларын
таңдаңыз.
3. [Қосулы] опциясын таңдап, одан кейін
OK түймесін басыңыз.