operation manual

KK 77
Қазақ
ТД бағдарламасын жаңарту керек:
www.philips.com/support торабына кіріп,
ТД үшін соңғы бағдарламалық буманы
жүктеп алыңыз. Бағдарламаны орнату
нұсқаулары мен жаңартылғандарды
көрсететін шығарылымға қатысты
жазбалар, сондай-ақ, торапта қол жетімді
болады. Теледидардың бағдарламалық
құралын жаңарту жолы бойынша толық
нұсқаулар Теледидар параметрлерін
өзгерту > Бағдарламалық құралды
жаңарту (Бет 54) бөлімінде де бар.
Арналарға қатысты
ақаулықтар
ТД арналарын орнату керек
Аналогтық немесе сандық арналарды
орнату бойынша нұсқауларды Теледидар
параметрлерін өзгерту > Автоматты
орнату (Бет 46) бөлімін қараңыз.
Жерсерік телеарналарын орнату керек
болса, Теледидар параметрлерін өзгерту
> Жерсерік параметрлері (Бет 50) бөлімін
қараңыз.
Орнату кезінде ешқандай сандық
арналар табылмады:
Еліңізде теледидардың DVB-T,
DVB-C не DVB-S қолдау көрсететінін
тексеру үшін техникалық
сипаттамаларын қараңыз.
барлық кабельдердің дұрыс қосылып
тұрғанын әрі дұрыс желінің
таңдалғанын тексеріңіз.
Орнатылып қойған арналар арналар
тізімінен көрінбейді:
Дұрыс арналар тізімінің таңдалғандығына
көз жеткізіңіз.
Арналар тізімін қайта реттеу не оның
тәртібін өзгерту керек:
Арналар орнатылған соң, олар арналар
тізімінде көрсетіледі. Арналар тізімін
басқару, соның ішінде арналарды қайта
реттеу, туралы қосымша ақпарат алу үшін,
Теледидар көру > Арналар тізімін
басқару (Бет 16) бөлімін қараңыз.
Сурет ақаулары
Теледидар қосылған, бірақ сурет жоқ
немесе бұрмаланған:
Антеннаның теледидарға дұрыс
қосылғандығын тексеріңіз.
Көрсету көзі ретінде дұрыс
құрылғының таңдалғандығын
тексеріңіз.
Сыртқы құрылғының немесе көздің
дұрыс қосылғандығын тексеріңіз.
Дыбыс бар, бірақ сурет жоқ:
Сурет параметрлерінің дұрыс
орнатылғандығын тексеріңіз.
Антенна қосылымынан теледидар
сигналы нашар қабылданады:
Антеннаның теледидарға дұрыс
қосылғандығын тексеріңіз.
Дауыс зорайтқыштар, жерге
қосылмаған дыбыс құрылғылары,
неонды шамдар, биік ғимараттар
және басқа үлкен нысандар қабылдау
сапасына әсер етуі мүмкін.
Мүмкіндігінше антенна бағытын
өзгерту немесе құрылғыларды
теледидардан жылжыту арқылы
қабылдау сапасын жақсартуға
тырысыңыз.
Егер сигналды қабылдау бір ғана
арнада нашар болса, сол арнаны
дәлдеңіз.
Жалғаулы құрылғылардың сурет сапасы
нашар:
Құрылғылардың дұрыс қосылғандығын
тексеріңіз.
Сурет параметрлерінің дұрыс
орнатылғандығын тексеріңіз.
Теледидар сурет параметрлерін
сақтамады:
Теледидар орнының Үй режиміне
қойылғандығын тексеріңіз. Бұл режимде
параметрлерді өзгертуге және сақтауға
болады.
Сурет экранға сәйкес емес, ол тым үлкен
немесе тым кішкентай:
Басқа сурет форматына өзгертіңіз.