operation manual
KK 79
Қазақ
Байланысқа қатысты
ақаулықтар
HDMI құрылғыларында ақаулық
туындады:
HDCP (кең жолақты сандық
мазмұнды қорғау) қолдауының HDMI
құрылғысынан берілетін мазмұнды
көрсетуге теледидар үшін алынған
уақытты кідіртетінін ескеріңіз.
Егер теледидар HDMI құрылғысын
танымаса және ешқандай сурет
көрінбесе, ресурсты бір құрылғыдан
екіншісіне және керісінше ауыстырып
көріңіз.
Егер дыбыс әлсін-әлсін үзілсе, HDMI
құрылғысының шығыс
параметрлерінің дұрыстығын
тексеріңіз.
HDMI-DVI адаптері немесе
HDMI-DVI кабелі қолданылса, AUDIO
L/R («Дыбыстың сол және оң жақ
ұялары») немесе AUDIO IN («Дыбыс
сигналының кіріс ұясы») (тек кіші ұя)
ұяларына қосымша дыбыс кабелінің
жалғанғанын тексеріңіз.
EasyLink мүмкіндіктерін пайдалануға
болмайды:
HDMI құрылғыларының HDMI-CEC
жүйесімен үйлесімділігін тексеріңіз.
EasyLink мүмкіндіктері тек HDMI-CEC
үйлесімді құрылғыларында істейді.
HDMI-CEC жүйесімен үйлесімді дыбыс
құрылғысы теледидарға жалғанып, дыбыс
өшірілгенде, күшейтілгенде немесе
азайтылғанда дыбысты өшіру немесе
дыбыс деңгейі белгішесін көрсетпейді.
HDMI-CEC жүйесімен үйлесімді дыбыс
құрылғысы жалғанғанда, бұл әдепкі әрекет
болып табылады.
USB құрылғысының мазмұны
көрсетілмейді:
Жад құрылғысының құжатында
көрсетілгендей, USB жад
құрылғысының Жалпы еске сақтау
класы мәніне қойылғандығын
тексеріңіз.
USB жад құрылғысының
теледидармен үйлесімділігін
тексеріңіз.
Дыбыс және сурет файлдарының
форматтарының теледидарда
қолданылуын тексеріңіз.
USB сақтау құрылғысындағы дысы және
сурет файлдары бірқалыпты
ойнатылмайды не көрсетілмейді:
USB жад құрылғысының беру деңгейі
деректердің теледидарға берілу
жылдамдығын шектеп, нашар ойнатуға
себепші болады.
Желіге қатысты
ақаулықтар
Теледидар мен үй желісі арасында
сымсыз байланысты орнату керек:
Теледидарды үй желісіне сымсыз қосу
жолы бойынша нұсқауларды Теледидарды
қосу > Желіге және Интернетке қосу >
Wi-Fi integrated (Бет 73) бөлімінен
қараңыз.
Smart TV қызметі істемейді:
Машрутизатордың теледидарға дұрыс
жалғанып тұрғанын әрі интернетке ашық
кіру рұқсаты бар екенін тексеріңіз. Жол
жоспарлағышта қорғау жүйесі немесе
қауіпсіздік параметрлері боса, оның Smart
TV деректерін өткізуге рұқсат ететіндігін
тексеріңіз - мәліметтерді жол
жоспарлағыштың құжаттамасынан
қараңыз.