operation manual

27
Ерекшеліктер
27.1
Қоршаған ортаға қауіпсіз
Еуропаның энергиялық тиімділік белгісі
Еуропалық Одақтың энергиялық тиімділік белгісі
осы
өнімнің қуатты пайдалану тиімділік дәрежесін көрсетеді. Осы
өнімнің қуат тұтыну дәрежесі неғұрлым жасыл болса,
соғұрлым азырақ қуат тұтынады.
Белгіде қуатты тұтыну тиімділігінің дәрежесі, осы өнімнің
қолданыс кезіндегі орташа қуатты тұтыну мөлшері және 1
жылдық тұтынылатын қуат мөлшері көрсетілген. Осы өнімнің
қуатты тұтыну мөлшерін сіздің елге арналған Philips веб-
сайтынан (
www.philips.com/TV
) көруге болады.
Экотаңба
Philips компаниясы өзінің жаңашыл өнімдерінің қоршаған
ортаға тигізетін кері әсерін төмендетумен үнемі айналысады.
Біз қоршаған ортаны қорғау мақсатында өндіріс барысында
зиянды заттарды азайту, қуатты пайдалану тиімділігіне,
пайдаланудан кейінгі нұсқаулар және өнімді қайта өңдеуге
күш саламыз.
Компанияның қоршаған ортаны қорғау жұмысына
атсалысқаны үшін бұл теледидар
Еуропалық экотаңбасымен
— гүл — (www.ecolabel.eu) марапатталды.
Осы теледидардың күту режиміндегі энергияны тұтыну,
кепілдік міндеттемесі, қосымша бөлшектері және қайта
өңдеу жөнінде толық ақпаратты Philips компаниясының сіздің
еліңізге арналған
www.philips.com
веб-сайтынан таба аласыз.
Пайдалануды аяқтау
Ескірген бұйымдарды және батареяларды жою.
Өнім қайта өңдеуге және қайта пайдалануға болатын жоғары
сапалы материалдардан және бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс жәшігінің белгісі
көрінсе, ол бұйымның Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына
сәйкес оралғанын білдіреді.
Электр және электрондық бұйымдарды қоқысқа лақтырудың
жергілікті ережелерімен танысып алыңыз.
Жергілікті тәртіпке сәйкес әрекет жасауыңызды және ескі
өнімдерді кәдімгі тұрмыстық қалдықпен тастамауыңызды
өтінеміз. Ескі өнімді дұрыс тастау қоршаған орта мен адам
денсаулығына тиетін кері әсерлердің алдын алуға
көмектеседі.
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық директивасына
сәйкестендірілген қондырылған қайта жандандыруға болатын
батарея бар, оны кәдімгі тұрмыстық қалдық ретінде
лақтыруға болмайды.
Батареяларды бөліп жинақтаудың жергілікті тәртібі туралы
ақпаратпен танысқан жөн, себебі оны дұрыс тастау қоршаған
орта мен адам денсаулығына тиетін кері әсерлердің алдын
алуға көмектеседі.
27.2
Қуат
Өнімнің техникалық сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі
мүмкін. Осы өнімнің техникалық сипаттамалары туралы
қосымша мәліметті www.philips.com/support сайтынан
қараңыз.
Қуат
• Желі қуаты: айнымалы токтың 220-240 В +/-10%
• Сыртқы температура: 5°C - 35°C
• Күту режимінде тұтынылатын қуат мөлшері: < 0,3 Вт
• Қуатты үнемдеу мүмкіндіктері: Жарық сенсоры, Эко
режимі, Бейнені өшіру (радиоға арналған), автоматты түрде
сөну таймері, қоршаған Эко параметрлері мәзірі.
Өнімнің жапсырмасында көрсетілген қуат күштілігі қалыпты
үйде пайдалану кезіндегі өнімнің тұтынылатын қуат мөлшері
болып табылады (IEC 62087 Ed.2). Жақшаға алынған қуаттың
ең көп мөлшері электр қауіпсіздігі үшін пайдаланылады (IEC
60065 Ed. 7.2). 7.2).
121