operation manual

Дыбыс L/R кабелін
AUDIO IN
ұясына жалғаңыз (3,5 мм
шағын ұя).
Y Pb Pr
Y Pb Pr - Компоненттік бейне жоғары сапалы қосылым
болып табылады.
YPbPr қосылымын ажыратымдылығы жоғары (HD) теледидар
сигналдарына пайдалануға болады. Y, Pb және Pr
сигналдарының жанына дыбысқа арналған Audio Left and
Right (Сол жақ және оң жақ дыбыс) сигналдарын қосыңыз.
YPbPr (жасыл, көк, қызыл) коннекторының түстерін жалғаған
кезде кабель ашаларымен сәйкестендіріңіз.
Құрылғыңызда да дыбыс болса, Audio L/R (cinch) кабелін
пайдаланыңыз.
Scart
SCART - сапасы жақсы қосылым.
SCART қосылымын CVBS және RGB бейне сигналдарына
пайдалануға болады, бірақ ажыратымдылығы жоғары (HD)
теледидар сигналдарына қолдануға болмайды. SCART
қосылымы бейне және дыбыс сигналдарын біріктіреді.
Сондай-ақ, SCART қосылымы NTSC ойнатуын қолдайды.
Дыбыс шығысы - оптикалық
Дыбыс шығысы - оптикалық — жоғары сапалы дыбыс
қосылымы.
Бұл оптикалық қосылым 5.1 аудио арналарын тасымалдайды.
Құрылғыңызда, әдетте үй кинотеатры жүйесінде (HTS)
HDMI ARC ұялары болмаса, осы қосылымды HTS жүйесінде
«Дыбыс шығысы - оптикалық» қосылымымен пайдалануға
болады. «Дыбыс шығысы - оптикалық» қосылымы дыбысты
теледидардан HTS бейнесіне жібереді.
Үй кинотеатры жүйесінің дыбыс мүмкіндіктерін
сәйкестендіру үшін дыбыс шығысы сигналының түрін
көрсетуге болады.
Қосымша ақпарат алу үшін
Keywords (Кілтсөздер)
түймесін басып,
Audio Out settings (Дыбыс шығысы
параметрлері)
деп іздеңіз.
Дыбыс экрандағы бейнеге сәйкес келмесе, дыбыс-бейне
синхрондауын реттеуге болады.
Қосымша ақпарат алу үшін
Keywords (Кілтсөздер)
түймесін басып,
Audio to video sync (Дыбыс пен бейнені
синхрондау)
деп іздеңіз.
4.2
EasyLink HDMI CEC
EasyLink
EasyLink арқылы теледидардың қашықтан басқару құралымен
қосылған құрылғыны пайдалануға болады. EasyLink қосылған
құрылғылармен байланысу үшін HDMI CEC (тұтынушылық
электрониканы басқару) мүмкіндігін пайдаланады.
Құрылғылар HDMI CEC сигналын қолдауы және HDMI
қосылымы арқылы жалғануы тиіс.
14