operation manual

2 - Келесі немесе алдыңғы бетті көрсету үшін
OK
пернесін
басып тұрып, қашықтан басқару құралын оңға немесе солға
сырғытыңыз.
Айналдыру үшін…
1 - Меңзерді беттің ортасына қойыңыз.
2 -
OK
пернесін басып тұрып, қашықтан басқару құралын
төмен немесе жоғары жылжытыңыз.
Айналдырған кезде беттің жоғарғы жағындағы қойындылар
мен мекенжай жолағы жоғалып кетуі мүмкін.
Қойындылар мен мекенжай жолағын қайта көрсету үшін…
1 - Меңзерді беттің жоғарғы шетіне қойыңыз.
2 -
OK
пернесін басып тұрып, қашықтан басқару құралын
төмен жылжытыңыз.
Google Chrome қолданбасы браузер функциясын уақыт
өткен соң өзгертіп отыруы мүмкін.
10.5
Қолданба құлпы
Теледидарда балаларға арналмаған қолданбаларды құлыптау
үшін реттеуге болады.
Қолданбалар жиынтығындағы қолданбалар ғана құлыпталады.
Қолданба құлпын ашу үшін теледидардың Child Lock
(Балалардан қорғау құлпы) PIN коды қажет.
Балаларға арналмаған қолданбаларды құлыптау үшін…
1 - Home (Басты) мәзірін ашу үшін
HOME
пернесін
басыңыз.
2 - Үстіңгі жолақтағы
түймесін басып,
Apps
(Қолданбалар)
терезесін ашыңыз.
3 -
OPTIONS
пернесін, одан кейін,
Terms of Use
(Пайдалану шарттары)
түймесін басыңыз. Әлі қабылдамаған
болсаңыз, қазір орындауыңызға болады.
4 - Келесі бетте
Allow 18+ App Locking (18+ қолданбаны
құлыптауға рұқсат ету)
ұяшығына белгі қойыңыз.
5 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін
BACK
пернесін қайта-
қайта басыңыз.
10.6
Виджеттер
Виджеттер туралы
Виджет - Apps (Қолданбалар) беттеріндегі шағын терезе.
Виджеттер оның түріне байланысты хабарлар, ауа райы
туралы ақпарат, ұсыныстар. т.б. сияқты мәліметтердің барлық
түрін көрсетеді. Виджетті іске қосудың қажеті жоқ, виджет
Apps (Қолданбалар) беттеріне қосылған кезде әрқашан on
(қосулы) болады.
Виджеттердің екі түрі бар. Кейбір виджеттер қолданбадан
келеді және қолданба белгішесі мен виджеті бар. Басқа
виджеттерде қолданба белгішесі жоқ, виджеті ғана бар.
Қолданбаны жеке белгішесімен және виджетімен орнатқан
кезде, виджетті Apps (Қолданбалар) беттеріне өзіңіз
қосуыңыз қажет. Жеке қолданба белгішесі жоқ виджеттер
Apps (Қолданбалар) беттеріне автоматты түрде қосылады.
Виджетті Apps (Қолданбалар) беттеріне қосу үшін…
Қолданбаны орнатқан соң, Apps (Қолданбалар)
беттеріндегі
Widgets (Виджеттер)
түсті пернесін
басыңыз.
Виджеттер тізімінде Apps (Қолданбалар) беттеріне қосу
қажет виджетті басыңыз. 2x3 немесе 1x2 сияқты көрсеткіш
Apps (Қолданбалар) беттерінде алатын орнын көрсетеді.
Виджетте дыбысты және бейнені ойнатуға қолдау
көрсетілмейді.
Фотосурет жақтауы
Apps (Қолданбалар) беттерінде
Photo Frame (Фотосурет
жақтауы)
деп аталатын шағын виджетті таба аласыз. Жеке
фотосуретіңізді фотосурет жақтауы суреті ретінде орнатуға
болады.
Фотосуретті фотосурет жақтауының суреті ретінде орнату
үшін…
1 - Теледидар экранындағы фотосуретті ашыңыз.
2 -
OPTIONS
пернесін, одан кейін
Set as Photo Frame
(Фотожақтау ретінде орнату)
түймесін басыңыз. Шағын
виджетке сәйкес келу үшін фотосуреттің масштабы өзгереді.
Фотосуретті теледидар экранынан көру туралы қосымша
ақпарат алу үшін
Keywords (Кілтсөздер)
түсті пернесін
басып,
Videos, Photos and Music (Бейнелер, фотосуреттер
және музыка)
деп іздеңіз.
10.7
Қолданбалар мен виджеттерді
жою
Қолданбалар мен виджеттерді Apps (Қолданбалар)
беттерінен жоюға болады.
Қолданбаны жойсаңыз, оның орнатуын жоясыз. Өзіңіз
орнатқан қолданбаларды немесе виджеттерді ғана жоя
аласыз. Жойылған қолданбаларды немесе виджеттерді
әрқашан қайта орнатуға болады.
Қолданбаларды немесе виджеттерді жою үшін…
1 - Меңзерді қолданбаның үстіңгі жағына қойып, бас
бармағыңызды көтеріңіз.
2 -
Remove (Жою)
түсті пернесі пайда болса, қолданбаны
Apps (Қолданбалар) беттерінен жою үшін
пернесін
басыңыз.
39