operation manual
1
ТД туры
1.1
Android TV
Бұл Philips теледидары
Android™
жүйесімен жұмыс істейді.
Смартфоныңыз бен планшетіңіз сияқты жаңа
теледидарыңызда сіз ойлаған теледидар ойын-сауықтарының
әрқайсысына арналған ең қолайлы қолданбалар бар.
Теледидар арналарын көріңіз, онлайн ойындар ойнаңыз,
Skype желісіндегі досыңызға қоңырау шалыңыз немесе
теледидарға жай ғана сөйлеп, интернеттен сүйікті әніңізді
табуды сұраңыз.
Смартфондағы немесе планшеттегі
Philips теледидарды
қашықтан басқару қолданбасы
арқылы теледидар арналары
дәл алдыңызда болады. Үлкен теледидар экранына
фотосурет жіберіңіз немесе асүйдегі планшетіңізден сүйікті
аспаздық шоуды бақылаңыз. Енді теледидарыңыз мобильді
үйіңіздің бір бөлігіне айналады.
Теледидарды үй желісіне және интернетке қосыңыз.
Android, Google Play and other marks are trademarks of
Google Inc. The Android robot is reproduced or modified from
work created and shared by Google and used according to
terms described in the Creative Commons 3.0 Attribution
License.
http://creativecommons.org/licenses/by/3.0/legalcode
1.2
Қолд-р
Бастау үшін теледидарға кейбір қолайлы
Apps (Қолданбалар)
алдын ала орнатылып қойған.
Apps (Қолданбалар) беттері теледидардағы қолданбалар
жиынтығын көрсетеді. Смартфондағы немесе планшеттегі
қолданбалар сияқты теледидардағы қолданбалар теледидар
мүмкіндіктерін арттыруға арналған арнайы функцияларды
ұсынады. YouTube, Twitter, теледидар ойындары немесе ауа
райы болжамы және т.б. сияқты қолданбалар. Не болмаса,
интернетке кіру үшін Google Chrome сияқты интернет
браузер қолданбасын іске қосыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін
Keywords (Кілтсөздер)
пернесін басып,
Apps (Қолданбалар)
деп іздеңіз.
1.3
Фильмдер мен көрілмеген
шоулар
Жалға берілетін бейнені
алу үшін үйден шығудың қажеті
жоқ.
Video on Demand (Талап бойынша бейне)
бетін ашып,
теледидарға ағынмен тікелей тасымалданатын ең соңғы
фильмді алыңыз. Бейнелер дүкені қолданбасын ашып, жеке
есептік жазбаңызды жасаңыз, фильмді таңдап, ойнатуды
басыңыз. Жүктеуде қиындық болмайды*.
Талап бойынша бейне кейбір елдерде ғана қолжетімді.
Қосымша ақпарат алу үшін
Keywords (Кілтсөздер)
пернесін басып
Video on Demand (Талап бойынша бейне)
деп іздеңіз.
* Таңдалған бейне дүкеннің бейне тарату қызметіне
байланысты.
1.4
Әлеуметтік желілер
Компьютерде достардың хабарларын тексеру үшін тұрудың
қажеті жоқ.
Бұл теледидар экранында
әлеуметтік желіден
хабарлар
аласыз. Жауап хабарды төсегіңізде жатып жібере аласыз.
Home (Басты) мәзірі қойындысы
Apps (Қолданбалар)
тармағынан Twitter қолданбаларын таба аласыз.
Қосымша ақпарат алу үшін
Keywords (Кілтсөздер)
пернесін басып,
Apps (Қолданбалар)
деп іздеңіз.
1.5
Теледидарды және жазбаларды
уақытша тоқтату
USB қатты дискісін
қоссаңыз, сандық теледидар арнасынан
таратылымды кідіртуге және жазуға болады.
Теледидарды уақытша тоқтатып, шұғыл қоңырауға жауап
беріңіз немесе спорттық матч кезінде үзіліс жасаңыз, бұл
кезде теледидар таратылымды USB қатты дискісіне
сақтайды. Кейінірек қайта көруге болады.
USB қатты дискісі қосылып тұрғанда, сандық
таратылымдарды да жазуға болады. Бағдарламаны көріп
отырғанда жазуға немесе алдағы бағдарламаны жазуды
жоспарлауға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін
Keywords
(Кілтсөздер)
түймесін басып,
Pause TV (Теледидарды
кідірту)
немесе
Recording (Жазу)
деп іздеңіз.
1.6
Ойын ойнау
Бұл теледидар —
ойнауға
арналған сіздің үлкен экраныңыз.
Екі адамға да жетеді.
Жалғанған ойын консоліндегі, орнатылған қолданбадағы
немесе веб-сайттағы жай ғана онлайн ойынды ойнауға
болады. Жылдам әрі жауапты әрекет ету үшін теледидарды
4