operation manual
Батареяларды ауыстыру
Батареяны ауыстыру үшін батарея қақпағының кішкентай
түймесін босатып, ашу үшін қақпағын жылжытыңыз.
Батареяны ауыстырыңыз: CR2032 (3 В) түрі. Батареяның +
жағы көрінетінін тексеріңіз. Қақпақты орнына салып, сырт
еткен дыбыс шыққанша жылжытыңыз.
Ескерту
Батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылыс қаупі болады. Тек
тура сондай немесе балама батарея түрімен ауыстырыңыз.
Қауіпті
• Батареяны жұтпаңыз. Химиялық күйік алу қатері бар.
• Бұл өнімнің тиын/түйме тәрізді күн батареясы бар. Егер
мұндай батарея жұтылса, екі-ақ сағат ішінде іштен қатты
күйдіріп, өлімге дейін апаруы мүмкін.
• Жаңа және пайдаланылған батареяларды балалардан аулақ
ұстаңыз.
• Батарея салатын орын жақсылап жабылмаса, өнімді
пайдалануды тоқтатып, оны балалардан аулақ ұстаңыз.
• Батареялар жұтып қойылды немесе кез келген дене
мүшесінің ішіне енгізілді деп күдіктенсеңіз, шұғыл түрде
медициналық көмекке жүгініңіз.
PTA519
Шолу
1 - Қосу немесе Өшіру - 1-ойыншыны немесе 2-ойыншыны
таңдау
2 - Қабылдағыш объективі
3 - Батарея орны
3D көзілдірігін қораптан шығарған кезде, батарея орнынан
шағын пластик қабықшаны да алып тастаңыз.
Қосу және өшіру
3D көзілдірігін қосу үшін,
басыңыз.
Көзілдіріктің теледидардың 3D таратқышындағы 3D
сигналына реттелуі үшін бірнеше секунд қажет. Бірінші
пайдаланған кезде 15 секундқа дейін уақыт алуы мүмкін.
Батарея деңгейі
Батарея деңгейін 3D көзілдірікті қосқанда тексеруге болады.
• Егер ЖШД шамы жасыл болып жыпылықтаса, көзілдірікті 4
сағат немесе одан артығырақ пайдалануға болады.
• ЖШД шамы қызғылт сары болып жыпылықтаса, көзілдірікті
4 сағатқа дейін пайдалануға болады.
• Егер ЖШД шамы қызыл болып жыпылықтаса, батарея
қуаты таусылуға жақын және 2 сағаттан аз уақытқа 3D
қарауға болады.
Өшіру
3D көзілдірігін өшіру үшін
пернесін 2 секундтай басыңыз.
Жарық диод шамы 4 рет қызыл болып жыпылықтайды. 3D
көзілдірігі 3D сигналдарын 2 минут қабылдамаса, көзілдірік
автоматты түрде өшеді.
3D таратқыш
Көзілдіріктің ортасындағы қабылдағыш линза 3D
сигналдарды қабылдай алатынын тексеріңіз. Сондай-ақ,
теледидардағы 3D таратқыштан заттарды ары алыңыз.
1 - Теледидардағы 3D таратқышы
2 - 3D көзілдірігіндегі 3D таратқышы
Бөлінген экранда ойнау
Осы көзілдірікпен бөлінген экрандағы ойындарды ойнауға
болады. Екі ойыншы бір теледидарды қосып, бір ойынның екі
бөлек экранын көре алады.
1-ойыншы немесе 2-ойыншы экранын қарауға көзілдірікті
ауыстыру үшін көзілдірікті қосыңыз, пернені қайта басып,
1-ойыншы мен 2-ойыншы арасында ауысыңыз.
• Егер ЖШД шамы жасыл болса және үздіксіз 1,5 минут
жанып тұрса, көзілдірік 1-ойыншы үшін орнатылады.
• Егер ЖШД шамы жасыл болып жыпылықтаса, көзілдірік
2-ойыншы үшін орнатылады.
Қосымша ақпарат алу үшін,
Keywords (Кілтсөздер)
түсті
пернесін басып,
Split Screen Gaming (Бөлінген экранда
ойнау)
деп іздеңіз.
Батареяларды ауыстыру
54