operation manual
2
Орнату
2.1
Қауіпсіздік туралы нұсқауларды
оқу
Теледидарды бірінші рет пайдаланбай тұрып қауіпсіздік
туралы нұсқауларды оқып шығыңыз.
Нұсқаулықтарды оқу үшін
Keywords (Кілтсөздер)
түсті
пернесін басып,
Safety instructions (Қауіпсіздік нұсқаулары)
деп іздеңіз.
2.2
ТД тірегі мен қабырғаға бекіту
жақтауы
ТД тірегі
ТД тірегін орнату туралы нұсқауларды теледидармен бірге
берілген Жұмысты бастаудың қысқаша нұсқаулығынан табуға
болады. Бұл нұсқаулықты жоғалтып алған болсаңыз, оны
www.philips.com сайтынан жүктеуге болады.
Жүктеп алынатын
Жұмысты бастаудың қысқаша
нұсқаулығын
теледидардың өнім түрінің саны арқылы іздеңіз.
Қабырғаға орнату
Сондай-ақ, Теледидар VESA стандартымен үйлесімді
қабырға кронштейнімен (бөлек сатылады) қолдануға дайын.
Қабырғаға орнатуды сатып алғанда келесі VESA кодын
пайдаланыңыз. . .
• 48/55PFS8109
• 48/55PFS8159
• 48/55PFS8209
• 55/65PUS9109
VESA MIS-F 200x200, M6
Дайындау
Алдымен, теледидардың артқы жағындағы резьбалы
тығындардан 4 пластик бұранда қалпақты алып тастаңыз.
Теледидарды VESA стандартымен үйлесімді кронштейнге
орнату үшін металл бұрандалардың теледидардың резьбалы
тығындарына шамамен 10 мм тереңдікке енетінін тексеріңіз.
Абайлаңыз
Теледидарды қабырғаға орнату үшін, арнайы тәжірибе қажет
және оны тек білікті мамандар орындауы керек.
Теледидарды қабырғаға орнату олардың салмағына сәйкес
қауіпсіздік стандарттарына сай болуы керек. Теледидарды
орнатар алдында сақтық шараларын оқыңыз.
TP Vision Europe B.V. дұрыс орнатпау, не болмаса орнатудан
туындайтын сәтсіз немесе жарақат алуға әкелетін жағдайлар
үшін жауапты емес.
2.3
Орналастыру бойынша кеңестер
• Теледидарды экранына жарық тікелей түспейтін жерге
орналастырыңыз.
• Ambilight әсерін жақсарту үшін бөлмедегі жарықты
азайтыңыз.
• Теледидарды қабырғадан 15 см қашығырақ
орналастырыңыз.
• Теледидарды көрудің ең қолайлы қашықтығы экран
диагоналінің 3 еселік өлшеміне тең. Отырған кезде көз
экранның орта тұсымен бір деңгейде болуы тиіс.
2.4
Қуат кабелі
• Қуат кабелінің теледидардың артындағы
POWER
коннекторына қосыңыз.
• Қуат кабелінің коннекторға мықтап кіргізілгенін тексеріңіз.
• Розеткадағы қуат ашасына кез келген уақытта қол
жеткізуге болатынын тексеріңіз.
• Қуат кабелін суырғанда әрқашан ашаны тартыңыз, ешқашан
кабельді тартпаңыз.
6