operation manual
Экранды теледидарда бөлісу
Смартфон, планшет немесе компьютер экранын
теледидарда бөлісу үшін…
1 - Теледидарды қосыңыз.
2 - Құрылғыда Wi-Fi Miracast, Wi-Fi Direct™, Intel®Wireless
Display* немесе осылар сияқты басқа қолданбаны ашып,
басқа Miracast құрылғыларын іздей бастаңыз.
3 - Табылған құрылғылар тізімінде теледидарды таңдап, оған
қосылыңыз.
4 - Теледидарда оған қосылуды сұрауды қабылдаңыз.
Теледидарда құрылғының PIN кодын енгізу сұралуы мүмкін
— қашықтан басқару құралындағы сандық пернелердің
көмегімен сандарды енгізіңіз. Бұған қосымша, теледидар
құрылғыдағы PIN кодын енгізуді сұрауы мүмкін. Қосылғанда,
теледидар құрылғы экранын көрсетеді.
5 - Құрылғыда теледидар арқылы көргіңіз келетін бейнелерді,
фотосуреттерді немесе файлдарды таңдаңыз.
* Енді Miracast қызметін WiDi 3.5 қолдайды.
Wi-Fi қосылымын (мысалы, «DIRECT_tvname») басқа желі
құрылғыларындағы қолжетімді желілер тізімінен, мысалы
ноутбуктен таба аласыз. Алайда, бұл байланысты Wi-Fi
Miracast құрылғылары арқылы ғана пайдалануға болады.
Бөлісуді тоқтату
Экранды теледидармен немесе мобильді құрылғымен
бөлісуді тоқтатуға болады.
Құрылғыдан
Miracast қызметін іске қосу үшін пайдаланылатын
қолданбамен байланысты үзіп, құрылғының экранын
теледидардан көруді тоқтатуға болады. Теледидар қайтадан
соңғы таңдалған бағдарламаға қосылады.
Теледидардан
Құрылғының экранын теледидардан көруді тоқтату. . .
• теледидар таратылымын көру үшін
пернесін басыңыз
• теледидарда басқа әрекетті бастау үшін
пернесін
басыңыз
• Sources (Көздер) мәзірін ашу және қосылған құрылғыны
таңдау үшін
SOURCES
пернесін басыңыз.
Құрылғыны блоктау
Құрылғыдан алғаш рет қосылу тапсырысын алғанда,
құрылғыны блоктауға болады. Бұл құрылғыдан келген сұрау
және келешекте болатын оның барлық сұраулары еленбейтін
болады.
Құрылғыны блоктау үшін,
Block… (Блоктау)
түймесін
басыңыз.
Барлық құрылғыларды блоктан шығару
Бұрын қосылған және де блок қойылған барлық құрылғылар
Wi-Fi Miracast қосылымының тізімінде сақталады. Бұл тізімді
өшірсе, блок қойылған барлық құрылғылар блоктан
шығарылады.
Барлық блокталған құрылғыларды блоктан шығару үшін…
1 -
түймесін басыңыз және
Setup (Орнату)
үшін
(сол
жақ) пернесін басыңыз.
2 -
Network (Желі)
түймесін, кейін
Wi-Fi Miracast
Connections (Wi-Fi Miracast қосылымдары)
түймесін
басыңыз. Тізім тазартылады.
3 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін
BACK
пернесін қайта-
қайта басыңыз.
Бұрын қосылған құрылғыны блоктау
Бұрын қосылған құрылғыны блоктау үшін, алдымен Wi-Fi
Miracast байланыстарының тізімін өшіру керек. Бұл тізімді
өшіргенде, қайтадан әр құрылғы үшін байланысты растау
немесе блоктау керек болады.
Экраннан кешігіп көрсету
Экранды Miracast арқылы бөліскендегі кешігу әдетте 1
секундты құрайды. Өңдеу қуаты төменірек ескі
құрылғыларды қолданғанда, бұл уақыт ұзағырақ болуы
мүмкін.
18.4
Бейнелер
Бейнелерді ойнату
Медиа файлдар тізімін теледидардан ашу әдісі файлдар
сақталған құрылғы түріне байланысты болады.
Бейнені ойнату үшін медиа файлдар тізімінен бейне файл
атауын басыңыз.
• Келесі немесе алдыңғы бейнеге өту үшін
+
немесе
-
пернесін басыңыз.
• Бейнені кідірту үшін
OK
түймесін басыңыз. Жалғастыру
үшін
OK
түймесін қайта басыңыз.
• Бейнеде 10 секунд алға немесе кері өту үшін
немесе
түймесін басыңыз.
• Кері айналдыру немесе алға айналдыру
үшін
немесе
пернесін басыңыз. 2x, 4x, 8x, 16x, 32x есе
тездету үшін пернелерді бірнеше рет басыңыз.
• Бейнені ойнатуды тоқтату үшін
(Тоқтату) түймесін
басыңыз.
• Қалтаға кері өту үшін,
BACK
пернесін басыңыз.
Орындау жолы
Бейненің ойнатылуы кезінде орындау жолын (ойнату
көрсеткішінің орны, ұзақтық, тақырып, күн, т.б.) көрсету
үшін,
INFO
пернесін басыңыз.
Ақпаратты жасыру үшін қайтадан басыңыз.
61