User manual

4
Орнату
4.1
Қауіпсіздік туралы нұсқауларды
оқу
Теледидарды бірінші рет пайдаланбай тұрып қауіпсіздік
туралы нұсқауларды оқып шығыңыз.
Анықт. > Пайдаланушы нұсқаулығы ішіндегі нұсқауларды
оқу үшін
Keywords (Кілтсөздер) түрлі түсті пернесін
басып, Safety and Care (Қауіпсіздік және қызмет көрсету)
деп іздеңіз.
4.2
Теледидар орналасуы
Орналастыру бойынша кеңестер
• Теледидарды экранына жарық тікелей түспейтін жерге
орналастырыңыз.
• Теледидарды қабырғадан 15 см қашығырақ
орналастырыңыз.
• Ultra HD TV көру үшін қолайлы арақашықтық экран
биіктігінен 2-5 есе болғаны дұрыс. Отырған кезде көз
экранның орта тұсымен бір деңгейде болуы тиіс.
ТД тірегі
ТД тірегін орнату туралы нұсқауларды теледидармен бірге
берілген Жұмысты бастаудың қысқаша нұсқаулығынан
табуға болады. Осы нұсқаулықты жоғалтып алсаңыз, оны
www.philips.com сайтынан жүктеп алуға болады.
Жүктеп алынатын Жұмысты бастаудың қысқаша
нұсқаулығын теледидардың үлгі нөмірі арқылы іздеңіз.
Қабырғаға орнату
Сондай-ақ, Теледидар VESA стандартымен үйлесімді
қабырға кронштейнімен (бөлек сатылады) қолдануға
дайын.
Қабырғаға орнатуды сатып алғанда келесі VESA кодын
пайдаланыңыз. . .
• 43PUx6162
VESA MIS-F 200x200, M6 (ең кемі 10 мм, ең көбі 14 мм)
• 49PUx6162
VESA MIS-F 200x200, M6 (ең кемі 10 мм, ең көбі 14 мм)
• 50PUx6162
VESA MIS-F 200x200, M6 (ең кемі 10 мм, ең көбі 14 мм)
• 55PUx6162
VESA MIS-F 300x200, M6 (ең кемі 10 мм, ең көбі 14 мм)
• 65PUx6162
VESA MIS-F 400x200, M6 (ең кемі 10 мм, ең көбі 16 мм)
Дайындау
Алдымен, теледидардың артқы жағындағы резьбалы
тығындардан 4 пластик бұранда қалпақты алып тастаңыз.
Теледидарды VESA стандартымен үйлесімді кронштейнге
орнату үшін металл бұрандалардың теледидардың
резьбалы тығындарына шамамен 10 мм тереңдікке
енетінін тексеріңіз.
Абайлаңыз
Теледидарды қабырғаға орнату үшін, арнайы тәжірибе
қажет және оны тек білікті мамандар орындауы керек.
Теледидарды қабырғаға орнату олардың салмағына
сәйкес қауіпсіздік стандарттарына сай болуы керек.
Теледидарды орнатар алдында сақтық шараларын
оқыңыз.
TP Vision Europe B.V. дұрыс орнатпау, не болмаса
орнатудан туындайтын сәтсіз немесе жарақат алуға
әкелетін жағдайлар үшін жауапты емес.
4.3
Теледидарды қосу
10