User manual

Қуат кабелін жалғау
• Қуат кабелін теледидардың артындағы POWER
коннекторына қосыңыз.
• Қуат кабелінің коннекторға мықтап кіргізілгенін
тексеріңіз.
• Розеткадағы қуат ашасына кез келген уақытта қол
жеткізуге болатынын тексеріңіз.
• Қуат кабелін суырғанда әрқашан ашаны тартыңыз,
ешқашан кабельді тартпаңыз.
Бұл теледидар күту режимінде электр қуатын өте аз
пайдаланғанымен, теледидарды ұзақ уақыт
пайдаланбайтын болсаңыз, қуат үнемдеу үшін электр
сымын ажыратып қойыңыз.
Қосу немесе күту режимі
Теледидарды қоспас бұрын, теледидардың артқы
жағындағы POWER коннекторына желі қуатын
жалғағаныңызды тексеріңіз.
Қосу
• Теледидардың артындағы кішкентай джойстик пернесін
басыңыз.
Күту режиміне ауыстыру
Теледидарды күту режиміне ауыстыру үшін қашықтан
басқару құралындағы
түймесін басыңыз. Сонымен қатар
теледидардың артындағы кішкентай джойстик пернесін
басуға болады.
Күту режимінде теледидар ток көзіне қосылып тұр, бірақ
өте аз қуат тұтынады.
Теледидарды толығымен өшіру үшін қуат ашасын
суырыңыз.
Қуаттан ажырату кезінде ашаны ұстап тартыңыз, ешқашан
кабелінен тартпаңыз. Ашаға, қуат кабеліне және розеткаға
әрдайым қолыңыз жететініне көз жеткізіңіз.
11