User manual

керек.
Анықт. ішіндегі нұсқауларды оқу үшін
Keywords
(Кілтсөздер) түрлі түсті пернесін басып, USB қатты дискісі
деп іздеңіз.
Пішімдеу
Таратылымды кідірту немесе жазу алдында USB қатты
дискісін қосу және пішімдеу қажет. Пішімдеген кезде USB
қатты дискісіндегі барлық файлдар жойылады. Егер
таратылатын хабарды теледидар нұсқаулығының
деректері арқылы интернеттен жазғыңыз келсе, USB қатты
дискісін орнатудың алдында интернетке қосылу қажет.
Ескерту
USB қатты дискісі осы теледидар үшін арнайы пішімделген,
ондағы жазбаларды басқа теледидарда немесе
компьютерде қолдану мүмкін емес. USB қатты дискісіндегі
жазба файлдарын ешбір компьютер қолданбасымен
көшіруге немесе өзгертуге болмайды. Әйтпесе, жазбалар
бүлінеді. Басқа USB қатты дискісін пішімдеген кезде оның
мазмұны жоғалады. Теледидарда орнатылған USB қатты
дискісін компьютерде пайдалану үшін қайта пішімдеу
керек.
USB қатты дискісін пішімдеу…
1 - USB қатты дискісін теледидардағы USB
қосылымдарының біреуіне қосыңыз. Пішімдеу кезінде
басқа USB құрылғысын екінші USB порттарына қоспаңыз.
2 - USB қатты дискісі мен теледидарды қосыңыз.
3 - Теледидар сандық теледидар арнасына реттелген
болса,
(Кідірту) түймесін басыңыз. Кідірту әрекеті
пішімдеуді бастайды. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4 - Теледидарда қолданбаларды сақтау үшін USB қатты
дискісін пайдаланғыңыз келетін-келмейтіні туралы
сұрайды, пайдаланғыңыз келсе, сұрақпен келісесіз.
5 - USB қатты дискісі пішімделгеннен кейін тұрақты
жалғанып тұра берсін.
17