User manual

11
Теледидар
параметрлері
мәзірлерін ашу
11.1
Басты бет мәзірін шолу
Төмендегі мәзірлердің бірін таңдау үшін
(Home (Басты
бет)) пернесін басып, содан соң OK түймесін басыңыз.
Арналар
Осы қатарда барлық арналар бар.
• Теледидар нұсқаулығын ашу үшін OK түймесін басыңыз.
• Арналарды арна логотиптерімен көру үшін
(солға)
түймесін басыңыз немесе барлық арналарды қарау үшін
see all (барлығын көру) опциясын таңдаңыз.
Freeview Play
Бұл жолда қолжетімді Freeview Play ойыншысы бар.
* Freeview Play тек xxPUS6272 TV модельдері үшін
қолданылады.
Көздер
Бұл қатарда осы теледидардың қолжетімді көздері бар.
Утилиталар
Бұл қатарда пайдаланушыға қолжетімді теледидар
функциялары бар.
Параметрлер
Бұл қатарда пайдаланушыға қолжетімді параметрлер бар.
11.2
Утилиталар мәзірі
Smart TV
Smart TV бетін ашыңыз.
Теледидар нұсқаулығы
Қосымша ақпарат алу үшін Help (Анықтама) мәзірінде
Keywords (Кілтсөздер) пернесін басып, TV Guide
(Теледидар нұсқаулығы) деп іздеңіз.
Жазбалар
Қосымша ақпарат алу үшін Help (Анықтама) мәзірінде
Keywords (Кілтсөздер) пернесін басып, Recordings
(Жазбалар) деп іздеңіз.
Арна
Арналар тізімін көріңіз.
Бағдарламалық құралды жаңарту
Қосымша ақпарат алу үшін Help (Анықтама) мәзірінде
Keywords (Кілтсөздер) пернесін басып, Update Software
(Бағдарламалық құралды жаңарту) деп іздеңіз.
Демо мәзірі
Бұл теледидарда демоға арналған демо мәзірін көру.
11.3
Жылдам параметрлер мен
Барлық орнатулар
Жылдам параметрлер мәзірі:
Жылдам параметрлер мәзіріндегі жиі қолданылатын
параметрлерді табу үшін қашықтан басқару
құралындағы
SETUP пернесін басыңыз.
Сурет мәнері - тамаша сурет көрінісі үшін алдын ала
орнатылған сурет мәнерлерінің бірін таңдаңыз.
Сурет пішімі - экранға сәйкес келетін алдын ала
орнатылған сурет пішінінің бірін таңдаңыз.
Дыбыс мәнері - тамаша дыбыс параметрлері үшін алдын
ала орнатылған дыбыс мәнерлерінің бірін таңдаңыз.
Ambilight мәнері - алдын ала орнатылған Ambilight
мәнерлерінің бірін таңдаңыз.
Ambilight+реңк - Ambilight+реңк функциясын қосыңыз
немесе өшіріңіз.
Құлақаспаптың дыбыс деңгейі - жалғанған
құлақаспаптың дыбыс деңгейін реттеу.
Дыбыс шығыс - теледидарды дыбысты теледидарда
немесе дыбыстық жүйеде ойнатуға реттеу.
Сағат - сағатты теледидардың жоғарғы оң жақ
бұрышында көрсету.
Ұйқы таймері - теледидарды алдын ала орнатылған
уақыттан кейін күту режиміне автоматты түрде ауысуға
реттеу.
Барлық орнатулар - барлық орнатулар мәзірін қарау.
Анықтама - диагностика өткізіп, теледидарыңыз туралы
толық ақпаратты алыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін
Анықтама бөлімінде
Keywords (Кілтсөздер) түрлі түсті
пернесін басып, Help Menu (Анықтама мәзірі) деп іздеңіз.
Барлық орнатулар мәзірі:
Қашықтан басқару құралындағы
(басты бет) пернесін
басып, Settings (Параметрлер)> All settings (Барлық
орнатулар) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
34