User manual

Сандық шығыс параметрлері
Сандық шығыс параметрлерін SPDIF шығысы (оптикалық)
және HDMI ARC дыбыстық сигналдары үшін қолдануға
болады.
Сандық шығыс пішімі
(Басты
бет) > Параметрлер > Дыбыс > Кеңейтілген > Сандық
шығыс пішімі
Теледидардың дыбыстық шығыс сигналын қосылған үй
кинотеатры жүйесінің дыбысты өңдеу мүмкіндіктеріне сай
болатындай орнатыңыз.
Стерео: егер аудио ойнату құрылғылары көп арналы
дыбысты өңдемейтін болса, аудио ойнату құрылғылары
үшін тек шығыс стерео мазмұнын таңдаңыз.
Көп арналы: аудио ойнату құрылғылары үшін тек шығыс
5.1 аудио мазмұнын (қысылған көп арналы дыбыстық
сигнал) таңдаңыз.
Көп арналы (bypass): аудио ойнату құрылғылары немесе
үй кинотеатры жүйесі үшін шығыс Dolby Digital Plus немесе
DTS мазмұнын таңдаңыз.
- Аудио ойнату құрылғыларының Dolby Atmos мүмкіндігін
қолдайтынын тексеріңіз.
- Dolby Digital Plus мазмұнын ойнатып жатқанда SPDIF
шығысы (DIGITAL AUDIO OUT) ажыратылады.
Сандық шығысты теңеу
(Басты
бет) > Параметрлер > Дыбыс > Кеңейтілген > Сандық
шығысты теңеу
Сандық аудио шығысына (SPDIF) немесе HDMI ұясына
жалғанған құрылғыдан шыққан қатты дыбыс деңгейін
реттеңіз.
• Қаттырақ дыбыс деңгейі үшін More (Көбірек) опциясын
таңдаңыз.
• Жайырақ дыбыс деңгейі үшін Less (Азырақ) опциясын
таңдаңыз.
Сандық шығысын кідірту
(Басты
бет) > Параметрлер > Дыбыс > Кеңейтілген > Сандық
шығысты кідірту
Кейбір үй кинотеатрының жүйелерінде дыбыс пен бейнені
синхрондау үшін, дыбыс синхрондалуының кешігуін реттеу
қажет болуы мүмкін. Үй кинотеатрының жүйесінде
дыбысты кідірту орнатылған болса, Ажыратулы опциясын
таңдаңыз.
Сандық шығысты бітеу (тек Сандық шығысын
кідірту параметрі Қосу мәніне қойылғанда
қолданылады)
(Басты
бет) > Параметрлер > Дыбыс > Кеңейтілген > Сандық
шығысты бітеу
• Үй кинотеатрының жүйесінде кідіртуді орната алмаған
болсаңыз, теледидарды дыбысты синхрондайтын етіп
орнатуға болады.
• Теледидар суретінің дыбысын өңдеу үшін үй
кинотеатрының жүйесіне қажет уақытты қамтамасыз
ететін бітеуді орнатуға болады.
• 5 мс-тық қадамдармен мәнді орнатуға болады. Ең
жоғары орнату уақыты: 60 мс.
Эко параметрлері
Қуатты үнемдеу деңгейін орнату
(Басты бет) > Параметрлер > Эко параметрлері > Қуат
үнемдеу
Қуатты үнемдеудің түрлі деңгейлерін алу үшін Ең
төменгі, Орташа немесе Ең жоғарғы опциясын таңдаңыз,
не болмаса қуатты үнемдеу режимін өшіру
үшін Ажыратулы опциясын таңдаңыз.
Қуаттың тұтынылуын үнемдеу үшін экранды өшіру
режиміне қою
(Басты бет) > Параметрлер > Эко параметрлері > Экран
өшірулі
Экран өшірулі опциясын таңдаңыз, теледидар экраны
өшеді, теледидар экранын қайтадан қосу үшін, қашықтан
басқару құралындағы кез келген пернені басыңыз.
Теледидарды автоматты өшіру таймерін орнату
(Басты бет) > Параметрлер > Эко
параметрлері > Автоматты өшіру таймері
Мәнді реттеу үшін
(жоғары) немесе
(төмен)
көрсеткілерін басыңыз. 0 (Өшіру) мәні автоматты өшіруді
ажыратады.
«Автоматты өшіру таймері» опциясын таңдаңыз, қуатты
үнемдеу үшін, теледидар автоматты түрде өшеді.
• Теледидар сигналды қабылдаса, бірақ сіз 4 сағатқа дейін
қашықтан басқару құралында ешқандай пернені
баспасаңыз, теледидар өшеді.
• Теледидар сигналын немесе қашықтан басқару
құралының командасын 10 минут қабылдамаса,
теледидар өшеді.
• Теледидарды монитор ретінде пайдаланып немесе
теледидарды көру үшін сандық қабылдағышты
(теледидардың абоненттік қосымшасы (STB)) қолданып,
теледидардың қашықтан басқару құралын қолданбасаңыз,
0 мәніне қою үшін, осы автоматты өшіру мүмкіндігін
ажыратуыңыз қажет.
39