User manual

(Басты бет) > Параметрлер > Желі > Желіге
қосылу > Сымды
1 - Маршрутизаторды теледидарға желілік кабельмен
(Ethernet кабелі**) қосыңыз.
2 - Маршрутизатордың қосылып тұрғанын тексеріңіз.
3 - Теледидар желі қосылымын үздіксіз іздейді.
4 - Байланыс сәтті болғанда хабар көрсетіледі.
Егер байланыс орнатылмаса, маршрутизатордың DHCP
параметрін тексеруге болады. DHCP параметрі қосулы
болуы қажет.
**EMC ережелерін орындау үшін қорғалған FTP Cat. 5E
Ethernet кабелін пайдаланыңыз.
12.3
Желі параметрлері
Желі параметрлерін көру
(Басты бет) > Параметрлер > Желі > Желі
параметрлерін көру
Ағымдағы барлық желі параметрлерін осы жерден көруге
болады. IP және MAC мекенжайы, сигнал күші,
жылдамдығы, шифрлау әдісі, т.б.
Желі конфигурациясы - Статикалық IP мекенжайы
(Басты бет) > Параметрлер > Желі > Желі
конфигурациясы > Статикалық IP мекенжайы
Тәжірибелі пайдаланушы болсаңыз және желіні
статикалық IP мекенжайымен орнатқыңыз келсе,
теледидарды Static IP (Статикалық IP мекенжайы)
параметріне орнатыңыз.
Желі конфигурациясы - Статикалық IP конфигурациясы
(Басты бет) > Параметрлер > Желі > Статикалық IP
конфигурациясы
1 - Статикалық IP конфигурациясы түймесін басып,
байланысты конфигурациялаңыз.
2 - IP Address (IP мекенжайы), Netmask (Желі
маскасы), Gateway (Шлюз), DNS 1 немесе DNS 2 нөмірін
орнатуға болады.
Wi-Fi желісімен қосу (WoWLAN)
(Басты бет) > Параметрлер > Желі > Wi-Fi желісімен
қосу (WoWLAN)
Теледидар күту режимінде болса, бұл теледидарды
смартфоннан немесе планшеттен қоса аласыз. Switch on
with Wi-Fi (WoWLAN) (Wi-Fi желісімен қосу (WoWLAN))
параметрі қосулы болуы қажет.
Digital Media Renderer - DMR
(Басты бет) > Параметрлер > Желі > Digital Media
Renderer - DMR
Егер мультимедиалық файлдар теледидарда ойнатылмаса,
Digitial Media Renderer (Сандық мультимедиа өңдегіш)
қосулы екенін тексеріңіз. Зауыттық параметр ретінде DMR
қосулы болады.
Wi-Fi желісімен қосу
(Басты бет) > Параметрлер > Желі > Wi-Fi
қосулы/өшірулі
Теледидардағы Wi-Fi байланысын қосуға немесе өшіруге
болады.
Wi-Fi Miracast байланысын қайта орнату
(Басты бет) > Параметрлер > Желі > Wi-Fi Miracast
қосылымын қайта орнату
Miracast функциясымен бірге пайдаланылатын қосылған
және блокталған құрылғылардың тізімін тазалаңыз.
Теледидар желісінің атауы
(Басты бет) > Параметрлер > Желі > ТД желі атауы
Үйдегі желіңізде бірнеше теледидар болса, теледидарға
бірегей атау беруге болады.
Netflix параметрлері
(Басты бет) > Параметрлер > Желі > Netflix
параметрлері
Netflix settings (Netflix параметрлері) көмегімен ESN
нөмірін немесе белсенді емес Netflix құрылғысын көруге
болады.
Интернет жадын тазалау
(Басты бет) > Параметрлер > Желі > Интернет жадын
тазалау
Интернет жадын тазалау мүмкіндігімен Philips серверлік
тіркеу және ата-аналық рейтинг параметрлерін, бейнелер
дүкені қолданбасының кіру мәліметтерін, Philips
қолданбалар галереясының барлық таңдаулы
қолданбаларын, интернет бетбелгілерін және журналды
тазалауға болады. Сондай-ақ, интерактивті MHEG
қолданбалары «cookie» атты файлдарды теледидарға
сақтай алады. Бұл файлдар да жойылады.
45