User manual

2
Бағдарламалық
құрал
2.1
Бағдарламалық құралды
жаңарту
Жаңартуларды іздеу
Интернет арқылы жаңарту
(Басты бет) > Параметрлер > Бағдарламалық құралды
жаңарту > Жаңартуларды іздеу > Интернет
Бағдарламалық құрал жаңартуын іздеңіз.
• Теледидар интернетке қосылса, теледидар
бағдарламалық құралын жаңарту хабарын алуыңыз
мүмкін. Жылдамдығы жоғары (кең ауқымды) интернет
байланысы қажет. Осы хабарды алсаңыз, жаңарту
орындауға кеңес береміз.
• Бағдарламалық құралды жаңарту барысында сурет пен
теледидар өшіп қайта қосылады. Бұл бірнеше рет орын
алуы мүмкін. Жаңарту әрекеті бірнеше минут алуы мүмкін.
• Теледидар суреті кері оралғанша күтіңіз. Бағдарламалық
құралды жаңарту барысында теледидардағы немесе
қашықтан басқару құралындағы қуат
қосқышын
баспаңыз.
USB арқылы жаңарту
(Басты бет) > Параметрлер > Бағдарламалық құралды
жаңарту > Жаңартуларды іздеу > USB.
• Бағдарламалық құралды теледидарға жүктеу үшін,
жылдамдығы жоғары интернет байланысы бар компьютер
және USB жад құрылғысы керек болады.
• 512 Мбайт бос орны бар USB жады құрылғысын
пайдаланыңыз. Жазу қорғауының ажыратылғанын
тексеріңіз.
1 - Теледидарда жаңартуды бастау
Update software (Бағдарламалық құралды жаңарту)
> Search for updates (Жаңартуларды іздеу) > USB
опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Теледидарды анықтау
USB жадын теледидардың USB қосылымдарының біреуіне
қосыңыз.
Start (Іске қосу) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Идентификация файлы USB жады құрылғысына жазылған.
3 - Теледидар бағдарламалық құралын жүктеу
- USB жад құрылғысын компьютерге енгізіңіз.
- USB жад құрылғысынан update.html файлын тауып, екі
рет басыңыз.
- Идентификаторды жіберу опциясын басыңыз.
- Егер жаңа бағдарламалық құрал бар болса, .zip файлын
жүктеп алыңыз.
- Жүктеп алғаннан кейін файлды мұрағаттан
шығарып, autorun.upg файлын USB жад құрылғысына
көшіріңіз.
- Бұл файлды қалтаға орналастырмаңыз.
4 - Теледидардың бағдарламалық құралын жаңарту
USB жады құрылғысын теледидарға қайта енгізіңіз.
Жаңарту автоматты басталады.
Теледидар өзі 10 секундқа өшіп, қайта қосылады. Күте
тұрыңыз.
Келесі әрекеттерді орындамаңыз. . .
• қашықтан басқару құралын пайдалану
• USB жад құрылғысын теледидардан шығару
пернесін екі рет басыңыз
• теледидардағы қуат қосқышын басыңыз
Теледидар өзі 10 секундқа өшіп, қайта қосылады. Күте
тұрыңыз.
Теледидардың бағдарламалық құралы жаңартылған.
Теледидарды қайта пайдалануға болады.
Теледидар бағдарламалық құралының кездейсоқ
жаңартылуын болдырмау үшін, autorun.upg файлын USB
құрылғысынан жойыңыз.
Жергілікті жаңартулар
(Басты бет) > Параметрлер > Бағдарламалық құралды
жаңарту > Жергілікті жаңартулар.
Дилерлерге және тәжірибелі пайдаланушыларға арналған.
OAD жаңартуларын іздеу (Эфирден
жүктеп алу)
(Басты бет) > Параметрлер > Бағдарламалық құралды
жаңарту > OAD жаңартуларын іздеу.
Әуе арқылы бағдарламалық құралды жаңартуды іздеу
үшін сканерлеу.
2.2
Бағдарламалық құрал нұсқасы
(Басты бет) > Параметрлер > Бағдарламалық құралды
жаңарту > Ағымдағы бағдарламалық құрал туралы
ақпарат
Теледидар бағдарламалық құралының ағымдағы нұсқасын
көру үшін.
6