operation manual

басыңыз.
5 - Бір қадам артқа оралу үшін
BACK түймесін басыңыз
не мәзірді жабу үшін
EXIT түймесін басыңыз.
3.3
Инфрақызыл сенсор
Теледидар пәрмендер жіберу үшін ИҚ (инфрақызыл)
сәулелерді пайдаланатын қашықтан басқару
құралдарынан пәрмендерді ала алады. Мұндай қашықтан
басқару құралын пайдалансаңыз, қашықтан басқару
құралын теледидардың алдыңғы жағындағы инфрақызыл
сенсорға бағыттаңыз.
Ескерту
Теледидардың инфрақызыл сенсорының алдыңғы жағына
ешбір зат қоймаңыз, оның инфрақызыл сенсорды
блоктауы мүмкін.
3.4
Батареялар
Егер теледидар қашықтан басқару құралындағы пернені
басқанда реакция бермесе, батареялар қуаты таусылған
болуы мүмкін.
Батареяларды ауыстыру үшін қашықтан басқару
құралының алдыңғы төменгі жағындағы батареялар
бөлімін ашыңыз.
1 - Батарея есігін көрсеткі көрсететін бағытта сырғытыңыз.
2 - Ескі батареяларды 2 сілтілі, AAA-LR03-1,5 В түріндегі
батареялармен алмастырыңыз. Батареялардың
және
жақтары дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
3 - Батарея есігін орнына салыңыз және шырт еткенше
артқа сырғытыңыз.
Қашықтан басқару құралын ұзақ уақыт бойы
пайдаланбайтын болсаңыз, батареяларды шығарып
қойыңыз.
Ескі батареяларды пайдаланып болға соң, оларды
нұсқауларға сай қоқысқа қауіпсіз тастаңыз.
Қосымша ақпарат үшін Анықтама ішінен Кілтсөздер
опциясын таңдап, Пайдалануды аяқтау деп іздеңіз.
3.5
Тазалау
Қашықтан басқару құралы сырылмайтын бетке қойылады.
Қашықтан басқару құралын тазалау үшін жұмсақ әрі
дымқыл шүберекті қолданыңыз. Теледидар мен қашықтан
басқару құралына спирт, химиялық заттар немесе
тұрмыстық тазалағыштар сияқты заттарды қолданбаңыз.
9