User manual
CAM модулі мен смарт карта арнайы теледидарыңызға
арналған. CAM модулін алып тастасаңыз, CAM смарт
картасы қолдау көрсететін шифрланған арналарды бұдан
былай қарай аласыз.
Құпия сөздер мен PIN кодтарын орнату
Кейбір CAM модульдерінің арналарын қарау үшін PIN
кодын енгізу қажет. CAM модуліне PIN кодын орнатсаңыз,
теледидарды құлыптан ашуға пайдаланылатын кодты
қолдануға кеңес береміз.
CAM модуліне PIN кодын орнату үшін…
1.
SOURCES түймесін басыңыз.
2. CAM модулін пайдаланатын арна түрін таңдаңыз.
3.
OPTIONS түймесін басып, Жалпы интерфейс
опциясын таңдаңыз.
4. CAM модулінің теледидар операторын таңдаңыз. Келесі
терезелер теледидар операторынан келеді. PIN код
параметрін іздеу үшін экрандағы нұсқауды орындаңыз.
USB жад құрылғысы
Қосылған USB жад құрылғысынан суреттерді көруге
немесе музыканы және бейнені ойнатуға
болады. Теледидар қосылып тұрғанда теледидардағы
USB қосылымдарының біреуіне USB жад құрылғысын
жалғаңыз.
Теледидар жад құрылғысын анықтап, оның мазмұнын
көрсететін тізімді ашады.
Мазмұн тізімі автоматты түрде пайда
болмаса,
SOURCES түймесін басып, USB тармағын
таңдаңыз.
USB жад құрылғысынан контентті көру немесе ойнату
туралы қосымша ақпарат алу үшін Help (Анықтама)
бөлімінде түрлі түсті
Keywords (Кілтсөздер) түймесін
басып, Photos, Videos and Music (Фотосуреттер, бейнелер
және музыка) деп іздеңіз.
USB қатты дискісі
Орнату
USB қатты дискісін жалғасаңыз, теледидардың хабар
таратылымын уақытша тоқтатуға немесе жазуға болады.
Теледидардың хабар таратылымы сандық хабар
таратылымы (DVB хабар таратылымы немесе ұқсас) болуы
тиіс.
Таратылымды кідірту немесе жазу алдында USB қатты
дискісін жалғау және пішімдеу қажет. Пішімдеген кезде
USB қатты дискісіндегі барлық файлдар жойылады.
Кідірту
Таратылымды кідірту үшін сізге кемінде 4 ГБ бос орны бар
USB портымен үйлесімді қатты диск қажет.
Жазу
Таратылымды кідірту және жазу үшін, кемінде 250 ГБ бос
орын қажет. Таратылымды интернеттегі теледидар
нұсқаулығының деректерімен жазғыңыз келсе, USB қатты
дискісін орнатпас бұрын теледидарға интернет
байланысын орнатуыңыз қажет.
1 - USB қатты дискісін теледидардағы USB
қосылымдарының біреуіне жалғаңыз. Пішімдеу кезінде
басқа USB құрылғысын екінші USB порттарына қоспаңыз.
2 - USB қатты дискісі мен теледидарды қосыңыз.
3 - Теледидар сандық теледидар арнасына реттелген
болса,
(Кідірту) түймесін басыңыз. Кідірту әрекеті
пішімдеуді бастайды.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
USB қатты дискісі пішімделгеннен кейін тұрақты жалғанып
тұра берсін.
16










