User manual
6.21
Компьютер
Жалғау
Компьютерді теледидарға қосып, теледидарды компьютер
мониторы ретінде қолдануға болады.
HDMI арқылы
Компьютерді теледидарға жалғау үшін, HDMI кабелін
пайдаланыңыз.
DVI - HDMI арқылы
Не болмаса, компьютерді HDMI ұяшығына жалғау үшін DVI
- HDMI адаптерін (жеке сатылады) және теледидардың
артындағы AUDIO IN L/R ұяшығына жалғау үшін дыбыс L/R
кабелін (3,5 мм шағын ұяшық) пайдаланыңыз.
Ыңғайлы параметр
Егер компьютерді қоссаңыз, компьютер қосылған
қосылымға «Ресурс» мәзірінде дұрыс құрылғы түрінің
атауын беруді ұсынамыз. Одан кейін «Ресурс» мәзірінде
Computer (Компьютер) параметріне ауыссаңыз, теледидар
ыңғайлы компьютер параметріне автоматты түрде
қойылады.
Теледидарды ыңғайлы параметрге реттеу үшін…
1 -
түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Picture (Сурет) тармағын таңдап, мәзірге кіру үшін
(оңға) түймесін басыңыз.
3 - Advanced (Қосымша функциялар) > Computer
(Компьютер) тармағын таңдаңыз.
4 - On (Қосу) немесе Off (Өшіру) күйін таңдаңыз.
5 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін,
(солға) түймесін
қайталап басыңыз.
36










