User manual
24
Анықтама және
қолдау
24.1
Теледидарды тіркеңіз
Теледидарды тіркеп, әртүрлі артықшылықтарды, соның
ішінде толық қолдауды (жүктеулерді қоса), жаңа өнімдер
туралы ақпарат алу, арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктер,
сыйлықтар ұтып алу және тіпті жаңа өнімдер туралы
арнайы сауалнамаларға қатысу мүмкіндіктерін
пайдаланыңыз.
www.philips.com/welcome сайтына өтіңіз
24.2
Анықтаманы пайдалану
Бұл теледидар экрандағы анықтаманы ұсынады
.
Анықтама бөлімін ашу
1 -
HOME түймесін басыңыз.
2 - Параметрлер > Анықтама > Пайдаланушы нұсқаулығы
тармағын таңдаңыз.
Анықтаманы кітап ретінде оқу үшін Book (Кітап) опциясын
таңдаңыз. Кілтсөзді іздеу үшін Кілтсөз опциясын таңдаңыз.
Сонымен қатар, негізгі мәзірде немесе теледидар
мәзірінде
Help (Анықтама) бөлімін ашуға болады.
Анықтама нұсқауларын орындамас бұрын Анықтама
бөлімін жабыңыз.
Мәтін (телемәтін) сияқты кейбір әрекеттер үшін түрлі түсті
түймелердің арнайы функциялары болып, анықтаманы
ашпауы мүмкін.
Планшетте, смартфонда немесе компьютерде Теледидар
Анықтамасы
Кеңейтілген нұсқаулардың реттіліктерін оңайырақ
орындау үшін теледидардың анықтамасын PDF пішімінде
жүктеп, смартфонда, планшетте немесе компьютерде
оқуға болады. Бұған қосымша, тиісті анықтама бетін
компьютерден басып шығаруға болады.
Анықтаманы (пайдаланушы нұсқаулығын) жүктеп алу үшін
www.philips.com/support сайтына өтіңіз
24.3
Ақаулықтарды жою
Қосу және қашықтан басқару
Теледидар қосылмайды
• Қуат кабелін розеткадан ажыратыңыз. Бір минут күтіңіз
де, қайта қосыңыз.
• Қуат кабелі берік қосылғанын тексеріңіз.
Іске қосылу немесе өшу кезіндегі сықырлаған дыбыс
Теледидарды қосқанда, өшіргенде немесе күту режиміне
қойғанда, теледидардың корпусынан сықырлаған
дыбысты естисіз. Сықырлаған дыбыс теледидардың сууы
және жылуы кезіндегі қалыпты кеңею және тарылуына
байланысты болады. Бұл өнімділікке әсер етпейді.
Теледидар қашықтан басқару құралына жауап бермейді
Теледидардың іске қосылуына біраз уақыт қажет. Бұл
уақытта теледидар қашықтан басқару құралына немесе
теледидарды басқару тетіктеріне жауап бермейді. Бұл —
қалыпты әрекет.
Егер теледидар қашықтан басқару құралына одан әрі
жауап бермей жатса, ұялы телефонның камерасы арқылы
қашықтан басқару құралы жұмыс істеп жатқанын тексеруге
болады. Телефонды камера режиміне өткізіп, қашықтан
басқару құралын камера объективіне бағыттаңыз. Егер
қашықтан басқару құралында кез келген пернені бассаңыз
және камерада инфрақызыл жарық диодының
жыпылықтауын байқасаңыз, қашықтан басқару құралы
жұмыс істеп тұр. Теледидарды тексеру керек.
Егер жыпылықтауды байқамасаңыз, қашықтан басқару
құралы бұзылған болуы немесе батареялардың заряды
төмен болуы мүмкін.
Бұл қашықтан басқару құралын тексеру әдісі
теледидармен сымсыз жұптастырылған қашықтан басқару
құралдарында мүмкін емес.
Philips бастапқы экранын көрсеткеннен кейін теледидар
қайтадан күту режиміне өтеді
Теледидар күту режимінде қуат көзінен ажыратылып,
қайта қосылса, бастапқы экран көрсетіліп, теледидар күту
режиміне оралады. Бұл — қалыпты әрекет. Теледидарды
қайтадан күту режимінен қосу үшін қашықтан басқару
құралындағы немесе теледидардағы
түймесін басыңыз.
Күту режимінің шамы жыпылықтай береді
Қуат кабелін розеткадан ажыратыңыз. Қуат кабелін қайта
қоспай тұрып, 5 минут күтіңіз. Егер қайта жыпылықтаса,
Philips TV тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.
92










