User manual
Бұрын қосылған құрылғыны блоктау үшін, алдымен Wi-Fi
Miracast байланыстарының тізімін өшіру керек. Бұл тізімді
өшіргенде, қайтадан әр құрылғы үшін байланысты растау
немесе блоктау керек болады.
Wi-Fi Miracast байланыстарын қайта орнату
Бұрын қосылған барлық құрылғылар Wi-Fi Miracast
қосылымының тізімінде сақталады.
Барлық қосылған Miracast құрылғыларын жою…
(Басты бет) > Settings (Орнатулар) > All settings (Барлық
орнатулар) > Network (Желі) > Reset Wi-Fi Miracast
connections (Wi-Fi Miracast байланысын қайта орнату).
Экраннан кешігіп көрсету
Экранды Miracast арқылы бөліскендегі кешігу әдетте 1
секундты құрайды. Өңдеу қуаты төменірек ескі
құрылғыларды қолданғанда, бұл уақыт ұзағырақ болуы
мүмкін.
Қолданбалар - Philips TV теледидарын
қашықтан басқару қолданбасы
Теледидарды қашықтан басқару қолданбасы арқылы
айналаңыздағы мультимедиа шеберіне айналасыз. Үлкен
теледидар экранына фотосуреттер, музыка немесе
бейнелер жіберіңіз, не болмаса теледидар арналарының
кез келгенін планшеттен немесе телефоннан көріңіз.
Теледидар нұсқаулығынан көргіңіз келген нәрсені іздеп,
оны телефоннан немесе теледидардан көріңіз.
Теледидарды қашықтан басқару қолданбасы арқылы
телефонды қашықтан басқару құралы етіп пайдалануға
болады*.
Таңдаулы қолданбалар дүкенінен бүгін Philips TV
теледидарын қашықтан басқару қолданбасын сатып
алыңыз.
Philips TV теледидарын қашықтан басқару қолданбасы iOS
және Android жүйелері үшін қолжетімді және тегін
беріледі.
* Телефоныңызды қашықтан басқару құралы ретінде
пайдаланғанда теледидарды телефоныңыз арқылы қосып,
өшіруге болмайды.
5.7
Басқа құрылғы
USB жад құрылғысы
Қосылған USB жад құрылғысынан суреттерді көруге
немесе музыканы және бейнені ойнатуға
болады. Теледидар қосылып тұрғанда теледидардағы
USB қосылымдарының біреуіне USB жад құрылғысын
жалғаңыз.
Теледидар жад құрылғысын анықтап, оның мазмұнын
көрсететін тізімді ашады.
Мазмұн тізімі автоматты түрде пайда
болмаса,
SOURCES опциясын таңдап, USB түймесін
басыңыз.
USB жад құрылғысынан контентті көру немесе ойнату
туралы қосымша ақпарат алу үшін Help (Анықтама)
бөлімінде түрлі түсті
Keywords (Кілтсөздер) түймесін
басып, Photos, Videos and Music (Фотосуреттер, бейнелер
және музыка) деп іздеңіз.
USB қатты дискісі
Орнату
USB қатты дискісін жалғасаңыз, теледидардың хабар
таратылымын уақытша тоқтатуға немесе жазуға болады.
Теледидардың хабар таратылымы сандық хабар
таратылымы (DVB хабар таратылымы немесе ұқсас) болуы
тиіс.
Таратылымды кідірту немесе жазу алдында USB қатты
дискісін жалғау және пішімдеу қажет. Пішімдеген кезде
USB қатты дискісіндегі барлық файлдар жойылады.
Кідірту
Таратылымды кідірту үшін сізге кемінде 4 ГБ бос орны бар
USB портымен үйлесімді қатты диск қажет.
Жазу
Таратылымды кідірту және жазу үшін, кемінде 250 ГБ бос
орын қажет. Таратылымды интернеттегі теледидар
нұсқаулығының деректерімен жазғыңыз келсе, USB қатты
дискісін орнатпас бұрын теледидарға интернет
байланысын орнатуыңыз қажет.
1 - USB қатты дискісін теледидардағы USB
қосылымдарының біреуіне жалғаңыз. Пішімдеу кезінде
15