User manual

Арна бумалары
(Басты бет) > Settings (Орнатулар) > Install
Channels (Арналарды орнату) > Satellite installlation
(Жерсерікті орнату) > Satellite channel list (Жерсерік
арналарының тізімі)
Жерсеріктер тегін арналарды (ашық) жинақтайтын арна
бумаларын және елге сәйкес сұрыптауды ұсына алады.
Кейбір жерсеріктер жазылым бумаларын ұсынады - ақша
төленетін арналар жиыны.
Тек бумадағы арналарды орнату үшін Сұрыпталған
бумадан опциясын немесе бума мен басқа да барлық
қолжетімді арналарды орнату үшін Барлық арналар
сұрыпталмаған опциясын таңдаңыз. Жазылым бумаларын
жылдам орнатуға кеңес беріледі. Жазылым бумасынан тыс
қосымша жерсеріктеріңіз болса, толық орнату ұсынылады.
Барлық орнатылған арналар арналар тізіміне қойылады.
Жерсерік CAM модульдері
Жерсерік арналарын көру үшін CAM – смарт картасы бар
шартты кіру модулін – пайдалансаңыз, теледидарға
енгізілген CAM арқылы жерсерікті орнатуға кеңес береміз.
Кейбір CAM модульдері арналардың шифрын алу үшін
пайдаланылады.
CAM модульдері (CI+ 1.3 оператор профилімен)
теледидардағы барлық жерсерік арналарын өздері орната
алады. CAM сізді оның жерсеріктері мен арналарын
орнатуға шақырады. Бұл CAM модульдері арналарды
орнатып және шифрын ашып қана қоймай, арнаны
тұрақты жаңартып отырады.
Арналар тізімін көшіру
Кіріспе
Арналар тізімінің көшірмесі дилерлер мен тәжірибелі
пайдаланушыларға арналған.
Арналар тізімінің көшірмесі мүмкіндігі арқылы бір
теледидарда орнатылған арналарды ұқсас деңгейлі басқа
Philips теледидарына көшіруге болады. Арналар тізімінің
көшірмесі опциясымен алдын ала анықталған арналар
тізімін теледидарға жүктеу арқылы уақытты алатын арна
іздеу жұмысын орындамауға болады. Кемінде 1 ГБ жад
бар USB жад құрылғысын пайдаланыңыз.
Шарттар
• Екі теледидардың да өндірілген жылы бірдей.
• Екі теледидардың да жабдық түрі бірдей. Теледидардың
артқы жағындағы түр тақтайшасындағы көрсетілген
теледидар түрін тексеріңіз.
• Екі теледидардың да бағдарламалық құрал нұсқасы
үйлесімді.
Арналар тізімін көшіру, арналар тізімінің нұсқасын
тексеру
Арналар тізімін USB флеш жадына көшіріңіз
(Басты бет) > Settings (Орнатулар) > All settings (Барлық
орнатулар) > Channels (Арналар) > Expert mode settings
(Маман режимінің параметрлері) > Channel list copy
(Арналар тізімін көшіру) > Copy to USB (USB құрылғысына
көшіру)
Арналар тізімінің нұсқасын тексеру
(Басты бет) > Settings (Орнатулар) > Барлық
орнатулар > Channels (Арналар) > Expert mode settings
(Маман режимінің параметрлері) > Channel list copy
(Арналар тізімін көшіру) > Current version (Ағымдағы
нұсқа)
Арналар тізімін жүктеу
Орнатылмаған теледидарлар үшін
Теледидардың орнатылған-орнатылмағанына байланысты
арналар тізімін жүктеудің басқа әдісін пайдалануыңыз
керек.
Әлі орнатылмаған теледидарға
1 - Орнатуды бастау үшін қуат ашасын жалғап, тіл мен елді
таңдаңыз. Арналарды іздемей өтуге болады. Орнатуды
аяқтаңыз.
2 - Екінші теледидардың арналар тізімі бар USB жад
құрылғысын жалғаңыз.
3 - Арналар тізімін жүктеуді бастау үшін
(Басты
бет) > Settings (Орнатулар) > All settings (Барлық
орнатулар) > Channels (Арналар) > Expert mode settings
(Маман режимінің параметрлері) > Channel list copy
(Арналар тізімін көшіру) > Copy to TV (Теледидарға
көшіру) тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Қажет
болған жағдайда PIN кодын енгізіңіз.
4 - Арналар тізімі теледидарға сәтті көшірілгенде
теледидар хабар береді. USB жад құрылғысын
ажыратыңыз.
Орнатылған теледидарлар үшін
Теледидардың орнатылған-орнатылмағанына байланысты
арналар тізімін жүктеудің басқа әдісін пайдалануыңыз
керек.
Бұрыннан орнатылған теледидарға
1 - Теледидардың ел параметрін тексеріңіз. (Осы
параметрді тексеру үшін Арналарды қайта орнату тарауын
қараңыз. Ел параметріне жеткенше осы процедураны
бастаңыз. Орнатудан бас тарту үшін
BACK пернесін
басыңыз.)
Ел дұрыс болса, 2-қадамнан жалғастырыңыз.
Елі қате болса, қайта орнатып бастау керек. Арналарды
қайта орнату тарауын қарап, орнатуды бастаңыз. Дұрыс
22