operation manual

Дыбыс шығысын кідірту параметрі қосулы болуы тиіс.
Теледидар дыбысын синхрондау үшін…
1 -
түймесін басып, All Settings (Барлық параметрлер)
опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Дыбыс тармағын таңдап, мәзірге кіру үшін
(оң жақ)
түймесін басыңыз.
3 - Қосымша функциялар > Дыбыс шығысының ауытқуы
тармақтарын таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Дыбыс ауытқуын орнату үшін жүгірткіні пайдаланып, OK
түймесін басыңыз.
5 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін
(сол жақ) түймесін
қайталап басыңыз.
HTS дыбысында мәселелер бар
Қатты шуы бар дыбыс
Бейнені қосылған USB жад құрылғысынан немесе
қосылған компьютерден көрсеңіз, үй кинотеатры
жүйесінің дыбысы бұрмалануы мүмкін. Бұл шу дыбыс
немесе бейне файлында DTS дыбысы болғанда, бірақ үй
кинотеатры жүйесінде DTS дыбыс өңдеуі болмаған кезде
шығады. Оны теледидардың Audio Out Format (Дыбыс
шығысының пішімі) параметрін Stereo (Стерео) мәніне
орнату арқылы түзете аласыз.
түймесін басып, All Settings (Барлық параметрлер) >
Sound (Дыбыс) > Advanced (Кеңейтілген) > Audio Out
Format (Дыбыс шығысының пішімі) тармағын таңдаңыз.
Дыбыс жоқ
Үй кинотеатры жүйесінде теледидардың дыбысын ести
алмасаңыз, үй кинотеатры жүйесінде HDMI кабелін HDMI
ARC ұясына жалғағаныңызды тексеріңіз. Теледидардағы
барлық HDMI ұялары HDMI ARC ұялары болып табылады.
4.5
Blu-ray диск ойнатқышы
Blu-ray диск ойнатқышын теледидарға жалғау үшін
жоғары жылдамдықты HDMI кабелін пайдаланыңыз.
Blu-ray диск ойнатқышында EasyLink HDMI CEC болса,
ойнатқышты теледидардың қашықтан басқару құралымен
пайдалануға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін Анықтама
тармағындағы
Keywords (Кілтсөздер) түрлі түсті
пернесін басып, EasyLink HDMI CEC деп іздеңіз.
4.6
DVD ойнатқышы
DVD ойнатқышын теледидарға жалғау үшін HDMI кабелін
пайдаланыңыз.
Не болмаса, егер құрылғыда HDMI қосылымы болмаса,
SCART кабелін пайдалануға болады.
DVD ойнатқышы HDMI кабелімен жалғанып, онда EasyLink
CEC болса, ойнатқышты теледидардың қашықтан басқару
құралымен басқаруға болады.
EasyLink туралы қосымша ақпарат алу үшін
Keywords
(Кілтсөздер) түсті пернесін басып, EasyLink HDMI CEC деп
іздеңіз.
4.7
Құлақаспап
Құлақаспаптар жинағын теледидардың артқы
бөлігіндегі
байланысына жалғаңыз. Байланыс — 3,5
мм шағын ұя. Құлақаспаптардың дыбыс деңгейін бөлек
реттеуге болады.
Дыбыс деңгейін реттеу үшін…
1 -
түймесін басып, All Settings (Барлық параметрлер)
опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Дыбыс тармағын таңдап, мәзірге кіру үшін
(оң жақ)
түймесін басыңыз.
3 - Headphone Volume (Құлақаспаптың дыбыс деңгейі)
параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Мәнді реттеу үшін, көрсеткілерді
(жоғары)
немесе
(төмен) басыңыз.
5 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін
(сол жақ) түймесін
қайталап басыңыз.
19