operation manual

USB 2.0 портымен үйлесімді қатты диск қажет.
Жазу
Таратылымды кідірту және жазу үшін, кемінде 250 ГБ бос
орын қажет. Таратылымды интернеттегі теледидар
нұсқаулығының деректерімен жазғыңыз келсе, USB қатты
дискісін орнатпас бұрын теледидарға интернет
байланысын орнатуыңыз қажет.
USB қатты дискісін орнату әдісі туралы қосымша ақпарат
алу үшін
Кілтсөздер түсті пернесін басып, USB қатты
дискісі, орнату деп іздеңіз.
Орнату
Таратылымды кідірту немесе жазу алдында USB қатты
дискісін қосу және пішімдеу қажет. Пішімдеген кезде USB
қатты дискісіндегі барлық файлдар жойылады.
1 - USB қатты дискісін теледидардағы USB
қосылымдарының біреуіне қосыңыз. Пішімдеу кезінде
басқа USB құрылғысын екінші USB порттарына қоспаңыз.
2 - USB қатты дискісі мен теледидарды қосыңыз.
3 - Теледидар сандық теледидар арнасына реттелген
болса,
(Кідірту) түймесін басыңыз. Кідірту әрекеті
пішімдеуді бастайды.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
USB қатты дискісі пішімделгеннен кейін тұрақты жалғанып
тұра берсін.
Ескерту
USB қатты дискісі осы теледидар үшін арнайы пішімделген,
ондағы жазбаларды басқа теледидарда немесе
компьютерде қолдану мүмкін емес. USB қатты дискісіндегі
жазба файлдарын ешбір компьютер бағдарламасымен
көшіруге немесе өзгертуге болмайды. Әйтпесе, жазбалар
бүлінеді. Басқа USB қатты дискісін пішімдеген кезде оның
мазмұны жоғалады. Теледидарда орнатылған USB қатты
дискісін компьютерде пайдалану үшін қайта пішімдеу
керек.
4.11
USB пернетақтасы
Жалғау
Теледидарда мәтін енгізу үшін USB пернетақтасын (USB-
HID түріндегі) қосыңыз.
Теледидарға пернетақта және тінтуір қосуға болады.
Қосу үшін USB қосылымдарының біреуін пайдаланыңыз.
Пернетақтаны орнату және
конфигурациялау
USB пернетақтасын орнату үшін теледидарды қосыңыз
және USB пернетақтасын теледидардағы USB
қосылымдарының біреуіне қосыңыз. Теледидар
пернетақтаны бірінші рет анықтағанда пернетақта
орналасуын таңдауға және таңдауды сынақтан өткізуге
болады. Алдымен Cyrillic (кириллица) немесе Greek (грек)
пернетақта орналасуын таңдасаңыз, қосымша латын
пернетақта орналасуын таңдай аласыз.
Орналасу таңдалған кезде пернетақта орналасуын өзгерту
үшін…
1 -
түймесін басып, All Settings (Барлық параметрлер)
опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - General Settings (Жалпы параметрлер) тармағын
таңдап, мәзірге кіру үшін
(оң жақ) түймесін басыңыз.
3 - USB пернетақтасының параметрлері тармағын таңдап,
пернетақта параметрін бастау үшін OK түймесін басыңыз.
Арнайы пернелер
Мәтін енгізуге арналған пернелер
• Enter пернесі = OK
• Backspace = курсор алдындағы таңбаны жою
• Көрсеткі пернелер = мәтін өрісінде шарлау
• Пернетақта орналасуларын ауыстыру үшін, қосалқы
орналасу орнатылса, Ctrl + Бос орын пернелерін бірге
басыңыз.
Smart TV бағдарламалары мен интернеттердегі беттерге
арналған түймелер
• Tab және Shift + Tab = Келесі және алдыңғы
• Home = беттің жоғарғы жағына жылжу
• End = беттің төменгі жағына жылжу
• Page Up = бір бетке жоғары өту
21