operation manual

6.3
Теледидармен байланыстыру
Жұптау
Бұл қашықтан басқару құралы пәрмендерін теледидарға
жіберу үшін радио жиілікті (РЖ) пайдаланады.
Инфрақызыл сәулелерді қолданатын қашықтан басқару
құралдарымен салыстырғанда, пәрмендерді жіберу үшін
құралды теледидарға бағыттаудың қажеті жоқ.
Қашықтан басқару құралы теледидармен байланысуы үшін
теледидар мен қашықтан басқару құралын бір-бірімен
жұптау (байланыстыру) қажет. Жұпталғаннан кейін
қашықтан басқару құралын басқа теледидарды басқару
үшін қолдану мүмкін болмайды.
Теледидарды алғаш орнатқан кезде теледидар
сізді OK пернесін басуға шақырады, оны басқан кезде
жұптау орындалады. Теледидар өшірілген кезде жұптау
сақталады. Бұл теледидармен 5 қашықтан басқару
құралын жұптауға болады.
Қайта жұптау
Бұл теледидармен басқа қашықтан басқару құралын
жұптауға болады.
Әлі жұпталмаған қашықтан басқару құралымен
салыстырғанда әлдеқашан басқа теледидармен жұпталған
қашықтан басқару құралы үшін қашықтан басқару құралын
жұптау әдісі басқаша болады.
Қашықтан басқару құралы басқа теледидармен
жұпталған
Жұптау үшін қашықтан басқару құралын Philips логотипіне
жақын ұстап (шамамен 10 см қашықтықта),
қызыл және
көк түсті түймелерді бір уақытта басыңыз. Жұптау сәтті
болса, хабар пайда болады.
Қашықтан басқару құралы әлі жұпталған жоқ
Жұптау үшін қашықтан басқару құралын Philips логотипіне
жақын (шамамен 10 cм) ұстап, OK түймесін басыңыз.
Жұптау сәтті болса, хабар пайда болады.
Тарату
Жаңа, әлі жұптастырылмаған теледидарды әлдеқашан
басқа теледидармен жұптастырылған қашықтан басқару
құралымен жұптастыру үшін қашықтан басқару құралын
Philips логотипіне жақын ұстап (шамамен 10 cм),
қызыл
және
көк түс пернелерін бір уақытта басыңыз.
Жұптау сәтті болса, хабар пайда болады.
6.4
Инфрақызыл сенсор
Теледидардың қашықтан басқару құралы теледидарға
пәрмен жіберу үшін РЖ (радио жиілікті) қолданады. РЖ
көмегімен қашықтан басқару құралын теледидарға
бағыттаудың қажеті жоқ.
Дегенмен, теледидар пәрмен жіберу үшін ИҚ
(инфрақызыл) сәулелерін қолданатын қашықтан басқару
құралдарынан пәрмен алады. Мұндай қашықтан басқару
құралын пайдалансаңыз, қашықтан басқару құралын
теледидардың алдыңғы жағындағы инфрақызыл сенсорға
бағыттаңыз.
6.5
Батареялар
Егер теледидар қашықтан басқару құралындағы пернені
басқанда реакция бермесе, батареялар қуаты таусылған
болуы мүмкін.
Батареяларды ауыстыру үшін қашықтан басқару
құралының пернетақта бүйіріндегі батареялар бөлімін
ашыңыз.
1 - Батарея есігін көрсеткі көрсететін бағытта сырғытыңыз.
2 - Ескі батареяларды 2 AAA-R03-1,5 В түріндегі
батареялармен алмастырыңыз. Батареялардың + және -
жақтары дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
3 - Батарея есігін орнына салыңыз және шырт еткенше
артқа сырғытыңыз.
Қашықтан басқару құралын ұзақ уақыт бойы
пайдаланбағанда батареяларды шығарып алыңыз.
Ескі батареяларды пайдалану соңындағы нұсқауларға сай
қоқысқа қауіпсіз тастаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін
Keywords (Кілтсөздер)
түймесін басып, End of use (Пайдаланудың соңы) деп
іздеңіз.
6.6
Тазалау
Қашықтан басқару құралы сырылмайтын бетке қойылады.
Қашықтан басқару құралын тазалау үшін жұмсақ әрі
дымқыл шүберекті қолданыңыз. Теледидар мен қашықтан
басқару құралына спирт, химиялық заттар немесе
тұрмыстық тазалағыштар сияқты заттарды қолданбаңыз.
29