operation manual

7
Негізгі және ТД мәзірі
7.1
Home (Басты) мәзірін ашу
Home (Басты) мәзірі туралы ақпарат
Android TV артықшылықтарын толығымен пайдалану үшін,
теледидарды интернетке қосыңыз.
Android смартфонында немесе планшетінде сияқты Home
(Басты) мәзірі теледидардың орталығы болып табылады.
Home (Басты) мәзірінен кез келген қолданбаны іске қосуға,
теледидар арнасына ауыстыруға, фильмді жалға алуға, веб-
торапты ашуға немесе қосылған құрылғыға ауысуға
болады. Теледидарды орнатуға және елге байланысты
Home (Басты) мәзірінде түрлі элементтер болуы мүмкін.
Интернет байланысы жоқ кезде теледидарды пайдалану
үшін TV menu (Теледидар мәзірі) опциясын пайдалануға
болады.
Home (Басты) мәзірі қатарларда ұйымдастырылады…
Бірінші қатар таңдаулы бейнелерді, музыкалық
бейнелерді немесе Интернет хиттерін ұсынады. Жеке көру
әдістері негізінде ұсыныстарға рұқсат беру үшін Пайдалану
шарттарында Құпиялылық параметрлерін орнатуға
болады.
Philips Collection (Philips жинағы)
Бұл қатар қолданбалар ұсыныстарынан тұрады.
Қолданбалар
Apps (Қолданбалар) қатары теледидармен бірге келетін
барлық қолданбалардан және Google Play дүкенінен
жүктеп алынған қолданбалардан тұрады. Бұл
қатарда Watch TV (Теледидар қарау), Sources
(Көздер), Media (Медиа) және тағы басқа теледидар
қолданбаларын табуға болады. Соңғы іске қосылған
қолданбалар қатар алдында пайда болады.
Games (Ойындар)
Осы жерден теледидар ойынын іске қосуға болады. Егер
ойын жүктеп алынса, осы қатарда пайда болады.
Sources (Көздер)
Осы жерден ТД кірістері таңдауына ауысуға болады.
Дегенмен, барлық кірістерді табу мақсатында Sources
(Көздер) мәзірін ашу үшін
түймесін басыңыз.
Параметрлер
Осы жерден параметрлер таңдауын ашуға болады.
Дегенмен барлық параметрлерді табу үшін
SETTINGS
түймесін басып, All Settings (Барлық параметрлер)
опциясын таңдаңыз. Сонымен қатар,
осында Help (Анықтама) бөлімін ашуға болады.
Home (Басты) мәзірін ашу
Home (Басты) мәзірін ашу және элементті ашу…
1 -
HOME түймесін басыңыз.
2 - Элементті таңдап, ашу немесе іске қосу
үшін OK түймесін басыңыз.
3 - Іске қоспай Home (Басты) мәзірін жабу үшін
BACK
түймесін басыңыз.
30