operation manual

11
Қолданбалар
11.1
Қолданбалар туралы
Home (Басты) мәзіріндегі
Apps (Қолданбалар) арқылы
Apps (Қолданбалар) бетін ашуға болады.
Apps (Қолданбалар) беттері теледидардағы қолданбалар
жиынтығын көрсетеді. Смартфондағы немесе планшеттегі
қолданбалар сияқты теледидардағы қолданбалар
теледидар мүмкіндіктерін арттыруға арналған арнайы
функцияларды ұсынады. Теледидар ойындары немесе ауа
райы болжамы және т.б. сияқты қолданбалар. Не болмаса,
интернетке кіру үшін интернет браузер қолданбасын іске
қосыңыз.
Қолданбалар Philips App Gallery (Philips қолданбалар
жиынтығынан) немесе Google Play™ дүкенінен келуі
мүмкін. Бастау үшін теледидарға кейбір қолайлы Apps
(Қолданбалар) алдын ала орнатылып қойған. Кейбір
қолданбалар Apps (Қолданбалар) беттерінде пайда
болатын виджеттерді ұсынуы мүмкін.
Қолданбаларды Philips қолданбалар жиынтығынан немесе
Google Play дүкенінен орнату үшін теледидар интернетке
қосылуы қажет.
11.2
Қолданбаны орнату
Қолданбаны Philips қолданбалар жиынтығынан немесе
Google Play дүкенінен орнатуға болады.
Қолданбаны орнату үшін…
1 - Бастапқы мәзірді ашу үшін
HOME түймесін басыңыз.
2 - Apps (Қолданбалар) опциясын Apps (Қолданбалар)
мәзірін ашу үшін таңдаңыз.
3 -
App Gallery белгішесін немесе Google Play™ дүкені
белгішесін таңдаңыз.
4 - Қажетті қолданбаны, сосын қолданба жанындағы
орнату опциясын таңдаңыз.
Теледидар қолданбаны жаңартады.
Қолданбаны орнатуда мәселе болса, алдымен, Google Play
дүкеніндегі параметрлерді тексеріңіз.
11.3
Қолданбаны іске қосу
Қолданбаны Apps (Қолданбалар) беттерінен іске қосуға
болады.
Қолданбаны іске қосу үшін…
1 - Бастапқы мәзірді ашу үшін
HOME түймесін басыңыз.
2 -
Apps (Қолданбалар) опциясын Apps (Қолданбалар)
ашу үшін таңдаңыз.
3 - Қолданбаны іске қосу үшін қолданба белгішесін
таңдаңыз.
Қолданбаны тоқтату үшін…
Теледидар көру үшін
HOME пернесін басып, басқа
әрекетті таңдаңыз немесе
EXIT түймесін басыңыз.
42