operation manual

12
Бейнелер,
фотосуреттер және
музыка
12.1
USB қосылымынан
Жалғанған USB флэш жадынан немесе USB қатты
дискісінен фотосуреттерді көруге немесе музыка мен
бейнелерді ойнатуға болады.
Теледидар қосулы кезде USB жад құрылғысын немесе USB
қатты дискісін USB қосылымдарының біріне жалғаңыз.
Теледидар құрылғыны анықтап, мультимедиалық
файлдардың тізімін береді. Файлдар тізімі автоматты түрде
пайда болмаса,
SOURCES пернесін, одан кейін USB
опциясын таңдаңыз.
Файлды іздеу өрісімен іздеуге немесе оларды құрылғыда
жасалған қалталар құрылымынан шолуға болады.
Сондай-ақ, теледидар мультимедиалық файлдарды түріне
сәйкес біріктіреді –
Бейнелер,
Суреттер немесе
Музыка. Түсті перне функциялары мен
OPTIONS
ішіндегі опциялар әр түрге арналған.
Бейнелерді, фотосуреттерді және музыканы ойнатуды
тоқтату үшін
HOME пернесін басып, басқа әрекетті
таңдаңыз.
Ескерту
USB қатты жалғанған күйде бағдарламаны кідірту немесе
жазу әрекетін жасасаңыз, Теледидар USB қатты дискісін
пішімдеуді сұрайды. Бұл пішімдеу USB қатты дискісіндегі
бүкіл ағымдағы файлдарды жояды.
12.2
Компьютерден немесе NAS
қоймасынан
Компьютерден немесе үй желісіндегі NAS (Желіге
тіркелген қоймадан) фотосуреттерді көруге немесе
музыканы және бейнелерді ойнатуға болады.
Теледидар және компьютер немесе NAS бірдей үй
желісінде болуы қажет. Компьютерде немесе NAS
қоймасында Twonky™ секілді медиа сервер
бағдарламалық құралын орнату қажет. Медиа сервер
файлдарды теледидармен ортақ пайдалануға реттелуі
қажет. Теледидар файлдар мен қалталарды медиа сервер
арқылы жасалғандай немесе компьютерде не NAS
қоймасында құрастырылғандай
көрсетеді. Теледидарда
OPTIONS ішіндегі түсті перне
функциялары мен опциялары медиа файлдардың барлық
түрлері үшін бірдей болып келеді.
Медиа сервер файлдарды іздеуге қолдау көрсетсе, іздеу
өрісі қолжетімді.
Компьютерден файлдарды шолу және ойнату үшін
SOURCES пернесін, одан кейін SimplyShare опциясын
таңдаңыз.
43