operation manual

13.4
3D бейнелерін оңтайлы көру
3D бейнелерін оңтайлы көру үшін ұсынатынымыз:
• теледидардан кемінде теледидар биіктігінен 3 есе артық
болатын қашықтықта, бірақ 6 метрден аспай отырыңыз.
• құралды флюоресцентті жарықтан (мысалы, төмен
жиілікте жұмыс істейтін өте жарық сәуле немесе кейбір
қуат үнемдейтін жарық шамдары) және тікелей күн
сәулесінен сақтаңыз, өйткені олар 3D бейнесін көруге
кедергі жасауы мүмкін.
13.5
3D көзілдірікті күту
• Спирт, еріткіш, беттік белсенді құрал, парафин, бензин,
сұйылтқыш, масалардан қорғау құралы немесе майлайтын
құрал бар тазалайтын химиялық құралдарды
пайдаланбаңыз. Бұл химиялық заттар түстің бұзылуына
немесе жарықтардың пайда болуына апаруы мүмкін.
• 3D көзілдірігін күн сәулесі тікелей түсетін, ыстық, отты
немесе сулы жерде сақтамаңыз. Өнім дұрыс істемеуі
немесе өрт шығуы мүмкін.
• 3D көзілдірігінің линзаларын түсіріп алмаңыз,
майыстырмаңыз немесе оларға күш түсірмеңіз.
• Линзаларға сызық түсірмеу үшін таза, жұмсақ шүберекті
(ұсақ талшықты немесе мақта шүберек) пайдаланыңыз.
Тазалағыш затты 3D көзілдірігіне тікелей шашпаңыз. Бұл
электроникаға (Active 3D көзілдірігі үшін) зақым келтіруі
мүмкін.
• Спирт, еріткіш, беттік белсенді құрал, парафин, бензин,
сұйылтқыш, масалардан қорғау құралы немесе майлайтын
құрал бар тазалайтын химиялық құралдарды
пайдаланбаңыз. Бұл химиялық заттар түстің бұзылуына
немесе жарықтардың пайда болуына апаруы мүмкін.
13.6
Денсаулыққа қатысты ескерту
• Алты жасқа толмаған балалардың 3D режимінде
көрмегені жөн.
• Сіз немесе сіздің отбасыңыз қояншық немесе жарық
сезгіштіктен ауырсаңыз, жарық көздеріне, жылдам кескін
ретіне шықпастан бұрын немесе 3D көрместен бұрын
медицина қызметкерімен кеңесіңіз.
• Кез келген жайсыздық сезілген жағдайда, 3D бейнесін
көруді тоқтатып, симптомдар жоғалғанша, ықтимал қауіпті
ешбір іс-әрекетке бірден қатыспаңыз (мысалы, көлік
жүргізу). Симптомдар жоғалмаса, алдымен дәрігерге
қаралмастан, 3D бейнелерін көруді жалғастырмаңыз.
• Бас айналуы, бас ауруы немесе бағдардың бұзылуы
сияқты ыңғайсыздықты болдырмау үшін ұзақ уақыт 3D
бейнесін көрмеуіңізді ұсынамыз.
• 3D көзілдірігін 3D теледидарын көруден басқа ешқандай
мақсатта пайдаланбаңыз.
• Әдетте түзеткіш көзілдірік кисеңіз немесе контакт
линзаларды пайдалансаңыз, 3D көзілдірігін осы
көзілдірікпен немесе линзалармен бірге киіңіз.
• Шағын бөліктерін немесе батареяларын жұтып қоюды
болдырмау үшін көзілдірікті балалардан алыс ұстаңыз.
• Ата-аналар 3D бейнені көру кезінде балаларын бақылауы
керек және олардың жоғарыда аталған жайсыздыққа
ұшырамауын қамтамасыз етуі керек. 3D бейнесін көру
алты жастан кіші балаларға ұсынылмайды, себебі олардың
көру жүйесі әлі толық жетілмеген.
• Көз инфекциясы немесе контакт арқылы берілген басқа
аурулар (мысалы, коньюнктивит, бас паразиттері, т. б.)
жағдайында 3D көзілдірігін кимеңіз. Тек инфекцияны
толығымен кетірген кезде ғана 3D көзілдірігін қайта
пайдаланыңыз.
45