User manual

HDMI ARC арқылы қосылу
Үй кинотеатрының жүйесін (HTS) теледидарға жалғау үшін
HDMI кабелін пайдаланыңыз. Philips Дыбыс жолағын
немесе HTS жүйесін ішіне орнатылған диск ойнатқышымен
жалғауға болады.
HDMI ARC
Егер үй кинотеатры жүйесінде HDMI ARC ұяшығы болса,
жалғау үшін теледидардағы кез келген HDMI ұяшығын
пайдалануға болады. HDMI ARC болса, қосымша дыбыстық
кабельді жалғау қажет емес. HDMI ARC қосылымы екі
сигналды да біріктіреді.
Теледидардағы барлық HDMI қосылымдары дыбыс
қайтару арнасының (ARC) сигналын ұсынуы мүмкін. Бірақ
үй кинотеатры жүйесіне қосылғаннан кейін теледидар ARC
сигналын тек осы HDMI қосылымына жібере алады.
Дыбыс-бейне синхрондауы
Егер дыбыс экрандағы бейнеге сәйкес болмаса, диск
ойнатқышы бар үй кинотеатры жүйелерінің көпшілігінде
кідірісті дыбыс бейнеге сай болатындай орнатуға болады.
HDMI арқылы қосылу
Үй кинотеатрының жүйесін (HTS) теледидарға жалғау үшін
HDMI кабелін пайдаланыңыз. Philips Дыбыс жолағын
немесе HTS жүйесін ішіне орнатылған диск ойнатқышымен
жалғауға болады.
Егер үй кинотеатрының жүйесінде HDMI ARC ұяшығы
болмаса, теледидардағы сурет дыбысын үй
кинотеатрының жүйесіне жіберу үшін оптикалық дыбыс
кабелін (Toslink) жалғаңыз.
Дыбыс-бейне синхрондауы
Егер дыбыс экрандағы бейнеге сәйкес болмаса, диск
ойнатқышы бар үй кинотеатры жүйелерінің көпшілігінде
кідірісті дыбыс бейнеге сай болатындай орнатуға болады.
HTS дыбысында мәселелер бар
Қатты шуы бар дыбыс
Бейнені қосылған USB жад құрылғысынан немесе
қосылған компьютерден көрсеңіз, үй кинотеатры
жүйесінің дыбысы бұрмалануы мүмкін. Бұл шу дыбыс
немесе бейне файлында DTS дыбысы болғанда, бірақ үй
кинотеатры жүйесінде DTS дыбыс өңдеуі болмаған кезде
шығады. Оны теледидардың Сандық шығыс пішімі
параметрін Стерео мәніне орнату арқылы түзете аласыз.
Settings (Параметрлер) > Sound (Дыбыс) > Advanced
(Кеңейтілген) > Digital Out Format (Цифрлық шығыс пішімі)
тармағын таңдаңыз.
Дыбыс жоқ
Үй кинотеатры жүйесінде теледидардың дыбысын ести
алмасаңыз, үй кинотеатры жүйесінде HDMI кабелін HDMI
ARC ұясына жалғағаныңызды тексеріңіз. Теледидардағы
барлық HDMI ұялары HDMI ARC ұялары болып табылады.
7.4
Смартфондар және планшеттер
Смартфонды немесе планшетті теледидарға жалғау үшін
сымсыз байланысты пайдалануға болады. Сымсыз
байланыс үшін смартфонда немесе планшетте таңдаулы
қолданбалар дүкенінен Philips теледидарды қашықтан
басқару қолданбасын жүктеп алыңыз.
7.5
Blu-ray диск ойнатқышы
Blu-ray диск ойнатқышын теледидарға жалғау үшін
жоғары жылдамдықты HDMI кабелін пайдаланыңыз.
Blu-ray диск ойнатқышында EasyLink HDMI CEC болса,
ойнатқышты теледидардың қашықтан басқару құралымен
пайдалануға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін Help (Анықтама)
тармағындағы
Keywords (Кілтсөздер) түсті пернесін
басып, EasyLink HDMI CEC деп іздеңіз.
7.6
DVD ойнатқышы
DVD ойнатқышын теледидарға жалғау үшін HDMI кабелін
пайдаланыңыз.
DVD ойнатқышы HDMI кабелімен жалғанып, онда EasyLink
CEC болса, ойнатқышты теледидардың қашықтан басқару
құралымен басқаруға болады.
Help (Анықтама) мәзірінде EasyLink туралы қосымша
ақпарат алу үшін
Кілтсөздер түсті пернесін басып,
EasyLink HDMI CEC деп іздеңіз.
Y Pb Pr - Компоненттік бейне жоғары сапалы қосылым
болып табылады.
YPbPr қосылымын ажыратымдылығы жоғары (HD)
теледидар сигналдарына пайдалануға болады.
29