User manual
3 - Сан пернелері
Арнаны тікелей таңдайды.
4 - TEXT
Мәтінді/телемәтінді ашады немесе жабады.
5 -
- EXIT
Теледидар көру режиміне кері қайту үшін ортасын
басыңыз. Интерактивті теледидар қолданбасын тоқтату.
Арналар тізіміндегі келесі не алдыңғы арнаға ауыстыру
үшін + немесе - пернесін басыңыз. Мәтінде/телемәтінде
келесі немесе алдыңғы бетті ашады.
6 -
Philips TV Collection
Philips TV Collection қолданбасын іске қосады.
7 -
Rakuten TV қолданбасын тікелей ашады.
8 -
Теледидар нұсқаулығы/Арналар тізімі
Теледидар нұсқаулығын ашады немесе жабады. Арналар
тізімін ашу үшін OK түймесін басыңыз.
3.2
Қашықтан басқару құралын
теледидармен жұптаңыз
Бұл қашықтан басқару құралы теледидарға командаларын
жіберу үшін Bluetooth және ИҚ (инфрақызыл) сәулелерді
пайдаланады.
• Бұл қашықтан басқару құралын ИҚ (инфрақызыл)
сәулелері арқылы көптеген жұмыстарды орындау үшін
пайдалануға болады.
• Дауыспен іздеу және қашықтан басқару пернетақтасы
сияқты кеңейтілген жұмыс мүмкіндіктерін пайдалану үшін
теледидарды қашықтан басқару құралымен жұптау
(байланыстыру) қажет.
Теледидарды алғаш орнатқан кезде теледидар
сізден PAIR пернесін ұзақ басуды сұрайды, оны басқан
кезде жұптау орындалады.
Ескертпе:
1 - Қашықтан басқару құралы жұптау режиміне сәтті
кіргеннен кейін қашықтан басқару құралының алдыңғы
жағындағы микрофонның айналасындағы көк жарық
диодты индикатор шеңбері жыпылықтай бастайды.
2 - Жұптау сәтті орындалуы үшін жұптау барысында
қашықтан басқару құралын теледидарға жақын (1 м
қашықтықта) ұстау қажет.
3 - VOICE пернесін басқанда теледидар дауыспен іздеу
жолын қоспаса, жұптау сәтсіз орындалды.
4 - Жұптау режиміне кіргенге дейін жинақ іске қосылып,
барлық фондық үрдістерді қосқанға дейін күту ұсынылады,
әйтпесе кейінгі нұсқауларды қамтитын қалқымалы хабар
терезесі тым кеш шығып, жұптау үрдісіне кері әсерін тигізуі
мүмкін.
Жұптастыру немесе қайтадан жұптастыру
Егер қашықтан басқару құралымен жұптастыру жоғалса,
теледидарды қашықтан басқару құралымен қайта
жұптастыруға болады.
Жұптау үшін PAIR пернесін ұзақ басып тұруға (шамаман 3
секунд) болады.
Не болмаса,
Параметрлер > Сымсыз байланыс және
желі > Қашықтан басқару құралы > Қашықтан басқару
құралын жұптау бөліміне өтіп, содан соң экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Жұптастыру сәтті болса, хабар пайда болады.
Қашықтан басқару құралының бағдарламалық құралы
Параметрлер > Сымсыз байланыс және желі
> Қашықтан басқару құралы > Ағымдағы бағдарламалық
құрал ақпараты
Қашықтан басқару құралын жұптаған соң ағымдағы
қашықтан басқару құралының бағдарламалық құралының
нұсқасын тексеруге болады.
Параметрлер > Сымсыз байланыс және желілер
> Қашықтан басқару құралы > Қашықтан басқару
құралының бағдарламалық құралын жаңарту
Қолжетімді қашықтан басқару құралының бағдарламалық
құралының жаңартулар бар-жоғын тексеріңіз.
3.3
Дауыспен іздеу
Дауысыңызды қолдану арқылы интернеттен бейнелерді,
музыканы немесе тағы да басқа нәрселерді іздеуге
болады. Қашықтықтан басқару құралындағы микрофонға
сөйлей аласыз.
Дауыспен іздеу функциясын пайдаланудан бұрын
қашықтан басқару құралын теледидармен жұптау қажет.
Дауысты пайдалану үшін...
1 - Қашықтан басқару құралындағы
VOICE түймесін
басыңыз. Қашықтан басқару құралындағы көк шам жанып,
іздеу жолы ашылады да, микрофон іске қосылады.
2 - Іздегеніңізді анық етіп айтыңыз. Микрофон өшкенге
дейін 10 секунд сөйлей аласыз. Нәтижелер көрсетілуі үшін
бірнеше уақыт кетуі мүмкін.
3 - Іздеу нәтижелерінің тізімінде қажетті элементті
таңдауға болады.
3.4
Пернетақта
Шолу
Qwerty/Azerty пернетақтасына шолу
8