User manual

26
Ерекшеліктер
26.1
Қоршаған ортаға қауіпсіз
Еуропаның энергиялық тиімділік белгісі
Еуропалық Одақтың энергиялық тиімділік белгісі осы
өнімнің қуатты пайдалану тиімділік дәрежесін көрсетеді.
Осы өнімнің энергиялық тиімділік класы жасылырақ
болған сайын, ол тұтынатын энергия төменірек болады.
Жапсырмадан энергиялық тиімділік класын, қолданылып
жатқан өнімнің орташа қуат тұтынуын және 1 жылдағы
орташа қуат тұтынылуын табуға болады. Осы өнімнің
қуатты тұтыну мөлшерін сіздің елге арналған Philips веб-
сайтынан (www.philips.com/TV) көруге болады
Пайдалануды аяқтау
Ескірген бұйымдарды және батареяларды жою
Өнім қайта өңдеуге және қайта пайдалануға болатын
жоғары сапалы материалдардан және бөлшектерден
жасалған.
Бұйымнан сызылған дөңгелекшелі қоқыс жәшігінің белгісі
көрінсе, ол бұйымның Еуропалық 2012/19/EU нұсқауына
сәйкес оралғанын білдіреді.
Электр және электрондық бұйымдарды қоқысқа
лақтырудың жергілікті ережелерімен танысып алыңыз.
Жергілікті тәртіпке сәйкес әрекет жасауыңызды және ескі
өнімдерді кәдімгі тұрмыстық қалдықпен тастамауыңызды
өтінеміз. Ескі өнімді дұрыс тастау қоршаған орта мен адам
денсаулығына тиетін кері әсерлердің алдын алуға
көмектеседі.
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық
директивасына сәйкестендірілген қондырылған қайта
жандандыруға болатын батарея бар, оны кәдімгі
тұрмыстық қалдық ретінде лақтыруға болмайды.
Батареяларды бөліп жинақтаудың жергілікті тәртібі туралы
ақпаратпен танысқан жөн, себебі оны дұрыс тастау
қоршаған орта мен адам денсаулығына тиетін кері
әсерлердің алдын алуға көмектеседі.
26.2
Қуат
Өнімнің техникалық сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі
мүмкін. Осы өнімнің техникалық сипаттамалары туралы
қосымша мәліметті www.philips.com/TVsupport сайтынан
қараңыз
Қуат
• Желі кернеуі: 220-240 В айнымалы ток +/-10%
• Сыртқы температура: 5-35 °C
• Қуатты үнемдеу мүмкіндіктері: Эко режимі, Бейнені
өшіру (радиоға арналған), автоматты түрде сөну таймері,
қоршаған Эко параметрлері мәзірі.
Қуаттың тұтынылуы туралы ақпаратты Product Fiche
(Өнімнің микрофишасы) тарауынан қараңыз.
26.3
Операциялық жүйе
Android OS:
Android Pie 9
26.4
Қабылдау
• Антенна кірісі: 75 Ом коаксиалды (IEC75)
• Тюнер ауқымдары: Hyperband, S-Channel, UHF, VHF
• DVB: DVB-T2, DVB-C (кабель) QAM
• Аналогтық бейне файлды ойнату: SECAM, PAL
• Сандық бейнені ойнату: MPEG2 SD/HD (ISO/IEC 13818-2),
MPEG4 SD/HD (ISO/IEC 14496-10), HEVC*
• Сандық аудионы ойнату (ISO/IEC 13818-3)
• Жерсерік антеннасының кірісі: 75 Ом, F түрі
• Кіріс жиіліктердің ауқымы: 950-2150 МГц
• Кіріс деңгейінің жиілігі: 25-65 дБм
• DVB-S/S2 QPSK, таңба жылдамдығы 2-45 миллион таңба,
SCPC және MCPC
• ТШБ: DiSEqC 1.0, 1-4 LNB үшін қолдау көрсетіледі,
Полярлықты таңдау 13/18V, ауқым таңдау 22 кГц, үнді
күшейту режимі, LNB тогы ең көбі 300 мА
* Тек DVB-T2, DVB-S2 үшін
81