operation manual

Table Of Contents
Ата-аналық бақылау элементтері
Арнаны құлыптау және босату
Балалардың арнаны қарауына тыйым салу үшін, оны
құлыптауға болады. Құлыпталған арнаны көру үшін
алдымен 4 таңбалы PIN кодын енгізу қажет.
Бағдарламаларды жалғанған құрылғылардан құлыптай
алмайсыз.
Арнаны құлыптау немесе құлыптан шығару үшін…
1 - MENU (МӘЗІР) > Settings (Параметрлер) > Channel
(Арна) > Parental Controls (Ата-аналық бақылау) тармағына
өтіп, OK түймесін басыңыз.
2 - Қажет болған жағдайда PIN кодын енгізіңіз.
3 - Блокталған арналар параметрін таңдап, OK түймесін
басыңыз.
4 - Құлыптағыңыз немесе құлыптан шығарғыңыз келетін
арнаны таңдау үшін навигациялық пернелерді жоғары
немесе төмен қарай басып, OK түймесін басыңыз.
5 - Құлыпталған арна құлыппен белгіленеді.
6 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін Back (Артқа) түймесін
қайталап басыңыз.
Бағдарлама шектеулері
Балалардың көруіне лайықты емес бағдарламаны
көрсетпеу үшін рейтингіні орнатуыңызға болады.
Сандық арналарда бағдарламалардың рейтингісі болуы
мүмкін. Бағдарлама рейтингісі сіз орнатқан деңгеймен
бірдей немесе одан жоғары болған кезде, бұл бағдарлама
құлыпталады. Құлыпталған бағдарламаны көру үшін
алдымен PIN кодын енгізу қажет.
Рейтингіні орнату үшін…
1 - MENU (МӘЗІР) > Settings (Параметрлер) > Channel
(Арна) > Parental Controls (Ата-аналық бақылау) тармағына
өтіп, OK түймесін басыңыз.
2 - Қажет болған жағдайда PIN кодын енгізіңіз.
3 - Programme Restrictions (Бағдарлама шектеулері)
опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Рейтингті орнату үшін On (Қосу) опциясын таңдаңыз.
5 - Ratings (Рейтингілер) опциясын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
6 - Балаларыңыз үшін шектеулерді орнатыңыз.
7 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін Back (Артқа) түймесін
қайталап басыңыз.
Ата-ана рейтінгін өшіру үшін, None (Ешқайсысы) түймесін
басыңыз. Алайда кейбір елдерде рейтингіні орнатуыңыз
қажет.
Кейбір тарату станциялары/операторлар үшін теледидар
жас деңгейі жоғарырақ бағдарламаларды ғана
құлыптайды. Ата-ана рейтингісі барлық арналар үшін
орнатылады.
Кірістер бұғатталды
Жалғанған құрылғыларды пайдаланбау үшін кіріс көзін
құлыптауыңызға болады. Құлыптанған кіріс көзін жалғау
үшін алдымен 4 санды PIN кодын енгізуіңіз керек.
Кіріс көзін құлыптау немесе құлыптан шығару үшін…
1 - MENU (МӘЗІР) > Settings (Параметрлер) > Channel
(Арна) > Parental Controls (Ата-аналық бақылау) тармағына
өтіп, OK түймесін басыңыз.
2 - Қажет болған жағдайда PIN кодын енгізіңіз.
3 - Input Blocked (Кіріс бұғаттаулы) опциясын таңдап, OK
түймесін басыңыз.
4 - Құлыптағыңыз немесе құлыптан шығарғыңыз келетін
көзді таңдау үшін навигациялық пернелерді жоғары
немесе төмен қарай басып, OK түймесін басыңыз.
5 - Құлыпталған ресурс құлыппен белгіленеді.
6 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін Back (Артқа) түймесін
қайталап басыңыз.
PIN кодын өзгерту
Жаңа PIN кодын орнатыңыз немесе оны өзгертіңіз. PIN
коды арналарды немесе бағдарламаларды құлыптау не
құлыптан ашу үшін қолданылады.
1 - MENU (МӘЗІР) > Settings (Параметрлер) > Channel
(Арна) > Parental Controls (Ата-аналық бақылау) тармағына
өтіп, OK түймесін басыңыз.
2 - Қажет болған жағдайда PIN кодын енгізіңіз.
3 - Change PIN (PIN кодын өзгерту) опциясын таңдап, OK
түймесін басыңыз.
4 - Ағымдағы PIN коды мен жаңа PIN кодын енгізіңіз.
5 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін Back (Артқа) түймесін
қайталап басыңыз.
6.4
Таңдаулы арналар
Таңдаулы арналар туралы ақпарат
Таңдаулы арналар тізімінде қалаулы арналарды жинауға
болады.
Арнаны оңай ауыстыру үшін таңдаулы арналардың 4 түрлі
тізімін* жасауға болады.
Таңдаулылар тізімі таңдалғанда, таңдалған арнаны көру
үшін Шарлау пернелерінің жоғарғы немесе төменгі жағын
басып, OK түймесін басыңыз.
* Ескертпе. Орнату елі Ұлыбритания болған жағдайда, тек
бір таңдаулы арна қолжетімді болады.
19