operation manual

Table Of Contents
Құлақаспап
Теледидардың артындағы құлақаспап коннекторына
құлақаспаптардың жиынтығын қосуыңызға болады.
Байланыс — 3,5 мм шағын ұя.
* Ескертпе. Құлақаспап қосылғанда, теледидар
динамиктерінің дыбысы өшеді.
7.6
USB жад құрылғысы
Қосылған USB жад құрылғысынан суреттерді көруге
немесе музыканы және бейнені ойнатуға болады.
Теледидар қосылып тұрғанда теледидардағы USB
қосылымдарының біреуіне USB жад құрылғысын
жалғаңыз.
USB флеш дискісінен файлдарды көру үшін алдымен басты
бет экранына MMP (MultiMediaPlayer) қолданбасын
қосуыңыз керек. Қолданбалар қатарының сол жағындағы
«Қолданбалар» белгішесін басып, Негізгі мәзірін басыңыз.
«Қолданбалар» бетінен MMP қолданбаларын қосуыңызға
болады.
USB флеш дискісінің мазмұнын көруді тоқтату үшін
EXIT түймесін басыңыз немесе басқа әрекетті таңдаңыз.
Флеш дискісін ажырату алдында MMP қолданбасынан
шығыңыз.
USB флеш дискісін қауіпсіз алу…
1 - HOME (БАСТЫ БЕТ) түймесін басыңыз.
2 - Жоғарғы оң бұрыштан Notifications (Хабарландырулар)
белгішесін таңдап, OK түймесін басыңыз.
3 - Флеш дискісін таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Шығару параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
5 - Шығару процедурасы аяқталғанын күтіп, содан соң
флеш дискісін тартып шығарыңыз.
USB құралындағы Ultra HD
Қосылған USB құрылғысы не жад құрылғысынан
фотосуреттерді Ultra HD ажыратымдылықта көре аласыз.
Егер суреттің ажыратымдылығы жоғары болса, теледидар
ажыратымдылықты төмендетеді.
7.7
Компьютер
Сіз компьютерді теледидарға жоғары сапалы HDMI кабелі
арқылы жалғап, теледидарды ДК мониторы ретінде
пайдалана аласыз.
* AMD Graphics картасын пайдаланушыларға арналған
ескерту!
Егер сіз компьютерді HDMI арқылы теледидарға
жалғасаңыз, графикалық картаның дұрыс жұмыс істеуі
үшін келесі параметрлерге көз жеткізіңіз.
- Егер графикалық картаның шығыс бейнесі 4096 x 2160p
немесе 3840 x 2160p болса және RGB пиксель пішімі
пайдаланылса, компьютерлік графикалық картада RGB
4:4:4 пиксель пішіміндегі студия (шектеулі RGB)
орнатылады.
25