operation manual

Table Of Contents
19
Ерекшеліктер
19.1
Қоршаған ортаға қауіпсіз
Еуропаның энергиялық тиімділік белгісі
Еуропалық Одақтың энергиялық тиімділік белгісі осы
өнімнің қуатты пайдалану тиімділік дәрежесін көрсетеді.
Осы өнімнің қуат тұтыну дәрежесі неғұрлым жасыл болса,
соғұрлым азырақ қуат тұтынады.
Белгіде қуатты тұтыну тиімділігінің дәрежесі, осы өнімнің
қолданыс кезіндегі орташа қуатты тұтыну мөлшері және
1000 сағаттық тұтынылатын қуат мөлшері көрсетілген. Осы
өнімнің қуат тұтыну мөлшерін сіздің елге арналған Philips
веб-сайтынан www.philips.com/TVsupport көруге болады.
EPREL тіркеу нөмірі:
EPREL тіркеу нөмірі
43PUS7406: 580722
50PUS7406: 580730
55PUS7406: 580748
65PUS7406: 580799
Пайдалануды аяқтау
Ескірген бұйымдарды және батареяларды жою
Өнім қайта өңдеуге және қайта пайдалануға болатын
жоғары сапалы материалдардан және бөлшектерден
жасалған.
Бұйымнан сызылған дөңгелекшелі қоқыс жәшігінің белгісі
көрінсе, ол бұйымның Еуропалық 2012/19/EU нұсқауына
сәйкес оралғанын білдіреді.
Электр және электрондық бұйымдарды қоқысқа
лақтырудың жергілікті ережелерімен танысып алыңыз.
Жергілікті тәртіпке сәйкес әрекет жасауыңызды және ескі
өнімдерді кәдімгі тұрмыстық қалдықпен тастамауыңызды
өтінеміз. Ескі өнімді дұрыс тастау қоршаған орта мен адам
денсаулығына тиетін кері әсерлердің алдын алуға
көмектеседі.
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық
директивасына сәйкестендірілген қондырылған қайта
жандандыруға болатын батарея бар, оны кәдімгі
тұрмыстық қалдық ретінде лақтыруға болмайды.
Батареяларды бөліп жинақтаудың жергілікті тәртібі туралы
ақпаратпен танысқан жөн, себебі оны дұрыс тастау
қоршаған орта мен адам денсаулығына тиетін кері
әсерлердің алдын алуға көмектеседі.
Ұлыбритания Сәйкестік декларациясы
Осымен, TP Vision Europe B.V. компаниясы осы
теледидардың 2017 жылғы Радио жабдықтары туралы
директивалардың негізгі талаптары мен тағы басқа тиісті
ережелеріне, 2019 жылғы Энергия тұтынатын өнімдердің
экодизайны мен Энергия туралы ақпарат (Түзету) (ЕО-дан
шығу) регламенттеріне және 2012 жылғы Электрлік және
Электрондық жабдықтарда белгілі бір қауіпті заттардың
қолданылуын шектеу туралы регламенттерге сәйкес екенін
жариялайды.
19.2
Қуат
Өнімнің техникалық сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі
мүмкін. Осы өнімнің техникалық сипаттамалары туралы
қосымша мәліметті www.philips.com/TVsupport веб-
сайтынан қараңыз
Қуат
• Желі кернеуі: 220-240 В айнымалы ток +/-10%
• Сыртқы температура: 5-35 °C
• Қуатты үнемдеу мүмкіндіктері: Ұйқы таймері, өшіру
таймері, суретті өшіру, сигнал болмағанда автоматты түрде
өшу, автоматты ұйқы.
49