User manual

Table Of Contents
1
Қолдау алу
1.1
Теледидарды анықтап, тіркеңіз
Теледидарды анықтаңыз - Теледидардың үлгі нөмірі
және сериялық нөмірі
Теледидардың үлгі нөмірі және сериялық нөмірі сұралуы
мүмкін. Бұл нөмірлерді ораманың немесе теледидардың
артқы яки төменгі жағындағы жапсырмасында табуға
болады.
Теледидарды тіркеңіз
Теледидарды тіркеп, әртүрлі артықшылықтарды, соның
ішінде толық қолдауды (жүктеулерді қоса), жаңа өнімдер
туралы ақпарат алу, арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктер,
сыйлықтар ұтып алу және тіпті жаңа өнімдер туралы
арнайы сауалнамаларға қатысу мүмкіндіктерін
пайдаланыңыз.
www.philips.com/TVsupport веб-сайтына өтіңіз
1.2
Теледидар Анықтамасы және
Пайдаланушы нұсқаулығы
(Басты бет) > Параметрлер > Анықтама
Теледидарға диагностика жасау және ол туралы қосымша
ақпарат алу үшін Анықтама функциясын пайдалануға
болады.
Теледидар ақпараты - үлгі нөмірін, сериялық нөмірін
және теледидардың бағдарламалық құрал нұсқасын
қараңыз.
Әдісі - Теледидарға арналарды орнату, сұрыптау,
теледидардың бағдарламалық құралын жаңарту,
сыртқы құрылғыларды қосу және Смарт функцияларын
пайдалану туралы нұсқауларды қарауға болады.
Теледидарды тексеру - қысқа бейне клипті ойнатқанда
сурет, дыбыс, Ambilight** дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын
тексере аласыз.
Желіні тексеру - желі байланысын тексеріңіз.
Қашықтан басқару құралын тексеру - теледидардың
бірге берілетін қашықтан басқару құралының жұмысын
тексеру үшін сынақ жүргізіңіз.
Әлсіз сигналдар журналын көру - сигнал күші
әлсірегенде, автоматты түрде сақталған арналар санының
тізімін көрсету.
Бағдарламалық құралды жаңарту - қолжетімді
бағдарламалық құрал жаңартуларын тексеріңіз.
Пайдаланушы нұсқаулығы - теледидар туралы
ақпаратты пайдаланушы нұсқаулығынан оқыңыз.
Ақаулықтарды жою - жиі қойылатын сұрақтар бойынша
шешімді табыңыз.
Зауыттық параметрлер - Бастапқы параметрлерді қайта
орнатыңыз.
Теледидарды қайта орнату - теледидарды қайта
орнатыңыз және орындалған теледидар орнатуын
қайталап орындаңыз.
Байланыс ақпараты: елдің немесе аймақтың телефон
нөмірін немесе веб-мекенжайын көрсетеді.
* Арналарды сұрыптау тек белгілі бір елдерде
қолданылады.
** Ambilight параметрі тек Ambilight функциясын
қолдайтын үлгілерге арналған.
1.3
Тұтынушыларды қолдау
орталығы / жөндеу
Қолдау алу және жөндеу үшін еліңіздегі тұтынушыларды
қолдау орталығының жедел желісіне қоңырау шалуға
болады. Біздің қызмет көрсетуші инженерлеріміз қажет
кезінде жөндеп береді.
Теледидармен келген құжатта телефон нөмірін табыңыз.
Не болмаса, www.philips.com/TVsupport веб-бетіне өтіп,
қажет болса, еліңізді таңдаңыз.
Теледидардың үлгі мен сериялық нөмірі
Теледидардың үлгі нөмірі және сериялық нөмірі сұралуы
мүмкін. Бұл нөмірлерді ораманың немесе теледидардың
артқы яки төменгі жағындағы жапсырмасында табуға
болады.
Ескерту
Теледидарды өз бетіңізше жөндеуге тырыспаңыз. Бұл
ауыр жарақатқа әкелуі, теледидарды жөнделмейтіндей
зақымдауы немесе кепілдіктің күшін жоюы мүмкін.
4