User Guide
Table Of Contents
- Мазмұны
- 1 Негізгі экран
- 2 Орнату
- 3 Қашықтан басқару құралы
- 4 Қосу және өшіру
- 5 Арнаны орнату
- 6 Арналар
- 7 Теледидар нұсқаулығы
- 8 Құрылғыларды жалғау
- 8.1 Байланыстар туралы ақпарат
- 8.2 Үй кинотеатры жүйесі — HTS
- 8.3 Сандық дыбыс шығысы - оптикалық
- 8.4 Смарт карталы CAM - CI+
- 8.5 Смартфондар және планшеттер
- 8.6 Blu-ray диск ойнатқышы
- 8.7 Құлақаспап
- 8.8 Ойын консолі
- 8.9 USB пернетақтасы
- 8.10 USB сақтау құрылғысы
- 8.11 Фотокамера
- 8.12 Бейне камера
- 8.13 Компьютер
- 9 Теледидарды жалғау
- 10 Интернет
- 11 Көздер
- 12 Жылдам мәзір және жиі параметрлер
- 13 Дисплей және дыбыс
- 14 Қолданбалар
- 15 Жүйе
- 16 Қашықтан басқару және керек-жарақтар
- 17 Бейнелер, фотосуреттер және музыка
- 18 Смартфондар және планшеттер
- 19 Games (Ойындар)
- 20 Netflix
- 21 Alexa
- 22 Ерекшеліктер
- 23 Анықтама және қолдау
- 24 Қауіпсіздік және қызмет көрсету
- 25 Пайдалану шарттары
- 26 Авторлық құқықтар
- 27 Үшінші тараптар ұсынатын қызметтерден және/немесе бағдарламалық құралдан бас тарту
- Индекс
6
Арналар
6.1
Арналарды орнату
Қосымша ақпарат алу үшін Анықтама бөлімінде түсті
Кілтсөздер түймесін басып, Арна, антенна орнатуы
немесе Арна, кабель орнатуы деп іздеңіз.
6.2
Арналар тізімдері
Арналар тізімдері туралы ақпарат
Арнаны орнатқаннан кейін, барлық арналар тізімінде
барлық арналар пайда болады. Барлық арналар тізімінде
көрсетілетін арналар жанрлары бойынша беріледі*.
Мысалы: Премиумдық, Премиумдық жаңалықтар,
Премиумдық жергілікті, Балалар, Спорт, т.б.
«Премиумдық» жанры 3%-дан жоғары нарық үлесі бар
хабар тарату арналары болып табылады. Егер осы ақпарат
қолжетімді болса, арналар атауымен және логотипімен
көрсетіледі.
Таңдалған арналар тізімімен арнаны таңдау
үшін (жоғары) немесе (төмен) көрсеткілерін басып,
таңдалған арнаны қарау үшін OK түймесін басыңыз.
немесе
пернелерімен тізімдегі арналарға
дәлдеуге болады.
* Ескертпе. Жанры бойынша берілген функция тек
Германияға қолданылады.
Арна белгішелері
Арналар тізімінде арнаны автоматты түрде жаңартудан
кейін жаңадан табылған арналар (жұлдызша) түрінде
белгіленеді.
Арнаны құлыптау үшін, ол (құлып) түрінде белгіленеді.
Радио станциялар
Сандық таратылым қолжетімді болса, орнату кезінде
сандық радиостанция орнатылады. Радио арнасына
теледидар арнасына ұқсас ауысуға болады.
Бұл теледидарда сандық теледидардың DVB стандарты
қабылданады. Теледидар толығымен стандартты
талаптарға сай емес сандық теледидардың кейбір
операторларымен дұрыс істемеуі мүмкін.
Арналардың тізімін ашу
Барлық арна бар тізімнің қасында сүзілген тізімді таңдауға
немесе жасаған таңдаулы тізімдердің біреуін таңдауға
болады.
Ағымдағы арналар тізімін ашу үшін:
1 - Телеарнаға ауыстыру үшін түймесін басыңыз.
2 - Ағымдағы арналар тізімін ашу үшін OK түймесін
басыңыз.
3 - Арналар тізімін ашу үшін теледидар нұсқаулығы
түймесін ұзақ басыңыз.
4 - Арналар тізімін жабу үшін Артқа түймесін басыңыз.
Арналар тізімдерінің біреуін таңдау үшін:
1 - Экранда арналар тізімі ашылып тұрғанда OPTIONS
түймесін басыңыз.
2 - Select Channel List (Арналар тізімін таңдау) опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
3 - Тізім мәзірінде қолжетімді арналар тізімдерінің бірін
таңдап, OK түймесін басыңыз.
Болмаса, арналар тізімінің үстінде тізім атауын таңдап,
тізім мәзірін ашу үшін OK түймесін басыңыз.
Арнаны іздеу
Ұзын арналар тізімін табу үшін арнаны іздеуге болады.
Теледидар негізгі арналар тізімдерінің біреуіндегі арнаны
іздей алады: спутник, антенна немесе кабельдің арналар
тізімі.
Арнаны іздеу:
1 - түймесін басыңыз.
2 - Ағымдағы арналар тізімін ашу үшін OK түймесін
басыңыз.
3 - OPTIONS түймесін басыңыз.
4 - Select Channel List (Арналар тізімін таңдау) опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
5 - Filter Antenna Channels (Антенналық арналарды сүзу)
немесе Filter Cable Channels (Кабельдік арналарды сүзу)
бөлімін таңдап, OK түймесін басыңыз.
6 - Search Channel (Арнаны іздеу) опциясын таңдап, мәтін
өрісін ашу үшін OK түймесін басыңыз. Мәтінді енгізу үшін
қашықтан басқару құралының пернетақтасын (қолжетімді
болса) немесе экрандық пернетақтаны пайдалануға
болады.
7 - Атауын немесе атауының бөлігін
енгізіп, Қолдану опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Теледидар таңдалған тізім ішінен сәйкес арна атауларын
іздейді.
Іздеу нәтижелері арналар тізімі ретінде беріледі: үстіндегі
тізім атауын көріңіз. Іздеу әліпби бойынша орналасқан
нәтижемен сәйкес келетін атауды қайтарады. Басқа
арналар тізімін таңдаған кезде немесе іздеу нәтижелері
бар тізімді жапқан кезде, іздеу нәтижелері жойылады.
20