User Guide
Table Of Contents
- Мазмұны
- 1 Негізгі экран
- 2 Орнату
- 3 Қашықтан басқару құралы
- 4 Қосу және өшіру
- 5 Арнаны орнату
- 6 Арналар
- 7 Теледидар нұсқаулығы
- 8 Құрылғыларды жалғау
- 8.1 Байланыстар туралы ақпарат
- 8.2 Үй кинотеатры жүйесі — HTS
- 8.3 Сандық дыбыс шығысы - оптикалық
- 8.4 Смарт карталы CAM - CI+
- 8.5 Смартфондар және планшеттер
- 8.6 Blu-ray диск ойнатқышы
- 8.7 Құлақаспап
- 8.8 Ойын консолі
- 8.9 USB пернетақтасы
- 8.10 USB сақтау құрылғысы
- 8.11 Фотокамера
- 8.12 Бейне камера
- 8.13 Компьютер
- 9 Теледидарды жалғау
- 10 Интернет
- 11 Көздер
- 12 Жылдам мәзір және жиі параметрлер
- 13 Дисплей және дыбыс
- 14 Қолданбалар
- 15 Жүйе
- 16 Қашықтан басқару және керек-жарақтар
- 17 Бейнелер, фотосуреттер және музыка
- 18 Смартфондар және планшеттер
- 19 Games (Ойындар)
- 20 Netflix
- 21 Alexa
- 22 Ерекшеліктер
- 23 Анықтама және қолдау
- 24 Қауіпсіздік және қызмет көрсету
- 25 Пайдалану шарттары
- 26 Авторлық құқықтар
- 27 Үшінші тараптар ұсынатын қызметтерден және/немесе бағдарламалық құралдан бас тарту
- Индекс
9
Теледидарды жалғау
9.1
Желі және интернет
Үй желісі
Philips Google TV толық мүмкіндіктерін пайдалану үшін
теледидар интернетке қосылуы қажет.
Теледидар үй желісіне жоғары жылдамдықты интернет
байланысымен жалғаңыз. Теледидарды сымсыз немесе
сымды желі роутеріне жалғауға болады.
Желіге қосылу
Сымсыз байланыс
Сізге не қажет
Теледидарды интернетке сымсыз жалғау үшін интернет
қосылымы бар Wi-Fi маршрутизаторы қажет.
Жылдамдығы жоғары (кең ауқымды) интернет
қосылымын пайдаланыңыз.
Wi-Fi мүмкіндігін қосыңыз немесе өшіріңіз
Параметрлер > Желі және Интернет > Wi-Fi >
Қосу/Өшіру.
Байланыс орнату
Параметрлер > Желі және Интернет > Wi-Fi >
Қосу/Өшіру
1 - Табылған желілер тізімінен сымсыз желіні таңдаңыз.
Желі атауы жасырын болғандықтан, желі тізімде болмаса
(маршрутизатордың SSID таратылымын өшіріп қойғансыз),
желі атауын өзіңіз енгізу үшін Add New Network (Жаңа желі
қосу) тармағын таңдаңыз.
2 - Маршрутизатордың түріне қарай шифрлау кілтін (WPA2
немесе WPA3) енгізіңіз. Осы желіге шифрлау кілтін бұрын
енгізіп қойсаңыз, бірден байланыстыру үшін OK түймесін
басуға болады.
3 - Байланыс сәтті болғанда хабар көрсетіледі.
Мәселелер
Сымсыз желі табылмады немесе бұрмаланған
• Жақын жердегі қысқа толқынды пештер, DECT
телефондары немесе басқа Wi-Fi 802.11b/g/n/ac
құрылғылары сымсыз желіні бұзуы мүмкін.
• Желідегі қорғаныс жүйесі теледидардың сымсыз
қосылымына кіру мүмкіндігін беретінін тексеріңіз.
• Егер үйіңізде сымсыз желі дұрыс жұмыс істемесе, сымды
желіні орнатып көріңіз.
Интернет жұмыс істемейді
• Маршрутизатормен байланыс дұрыс болса,
маршрутизатордың Интернетпен қосылымын тексеріңіз.
Компьютер және Интернет байланысы баяу
• Үй ішіндегі ауқым, беру жылдамдығы және сигнал
сапасының басқа факторлары туралы ақпаратты сымсыз
маршрутизатордың пайдаланушы нұсқаулығынан
қараңыз.
• Маршрутизатор үшін жылдамдығы жоғары Интернет
қосылымы қажет.
DHCP
• Байланыс сәтсіз болса, маршрутизатордың DHCP
(Динамикалық хост конфигурация протоколы) параметрін
тексеруге болады. DHCP параметрі қосулы болуы қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін «Анықтама» тармағындағы
Keywords (Кілтсөздер) түсті пернесін
басып, Troubleshooting (Ақаулықтарды жою) деп іздеңіз.
Сымды байланыс
Сізге не қажет
Теледидарды интернетке қосу үшін интернет
қосылымы бар желі маршрутизаторы қажет. Жылдамдығы
жоғары (кең ауқымды) интернет қосылымын
пайдаланыңыз.
36