User Guide

Table Of Contents
Желі және Интернет параметрлері
Желі параметрлерін көру
Параметрлер > Желі және Интернет > Желі
параметрлерін көру.
Ағымдағы барлық желі параметрлерін осы жерден көруге
болады. IP және MAC мекенжайы, сигнал күші,
жылдамдық, шифрлау әдісі, Мекенжай/Желі
маскасы/Шлюз/IPv4 немесе IPv6 DNS, т.б.
Wi-Fi желісімен қосу (WoWLAN)
Параметрлер > Желі және Интернет > Wi-Fi (WoWLAN)
арқылы қосылу.
Теледидар күту режимінде болса, бұл теледидарды
смартфоннан немесе планшеттен қоса аласыз. Switch on
with Wi-Fi (WoWLAN) (Wi-Fi желісімен қосу (WoWLAN))
параметрі қосулы болуы қажет.
Chromecast жүйесімен қосу
Параметрлер > Желі және Интернет > Chromecast
арқылы қосылу.
Осы теледидарға мобильді құрылғыдағы Chromecast
қолданбасынан қосылуға мүмкіндік беру үшін оны Қосулы
күйіне орнатыңыз. Оны қосқанда, күту күйіндегі
теледидардың қуат тұтынуы жоғарырақ болады.
Chromecast жүйесімен қосу параметрін өзгертуге дейін,
алдымен Wi-Fi (WoWLAN) параметрі қосылуы керек.
Digital Media Renderer - DMR
Параметрлер > Желі және Интернет > Digital Media
Renderer - DMR.
Егер мультимедиалық файлдар теледидарда ойнатылмаса,
Digitial Media Renderer (Сандық мультимедиа өңдегіш)
қосулы екенін тексеріңіз. Зауыттық параметр ретінде DMR
қосулы болады.
9.2
Google тіркелгісі
Кіру
Philips Google теледидарының толық мүмкіндіктерін
пайдалану үшін Google тіркелгісімен Google жүйесіне
кіруге болады.
Жүйеге кіру арқылы телефон, планшет және теледидар
арқылы таңдаулы ойындар ойнауға болады. Сонымен
қатар, YouTube, Google Play және басқа қолданбаларға кіру
құқығымен қоса, теледидардың басты экранында бейне
және музыка ұсыныстарын алуға болады.
Кіру
Теледидарда Google жүйесіне кіру үшін бар Google
тіркелгісін пайдаланыңыз. Google тіркелгісі электрондық
пошта мекенжайынан және құпия сөзден тұрады. Егер
Google тіркелгіңіз әлі болмаса, оны жасау үшін компьютер
немесе планшет пайдаланыңыз (accounts.google.com). Егер
алғашқы теледидар орнату барысында жүйеге кірмесеңіз,
жүйеге кейін кіруге болады.
Теледидар орнатымынан кейін жүйеге кіру:
1 - Параметрлер > Тіркелгі және жүйеге кіру
тармақтарын таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Sign In (Жүйеге кіру) тармағын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
3 - Use your remote (Қашықтан басқару құралын
пайдалану) тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Экрандағы пернетақтамен электрондық пошта
мекенжайын енгізіп, OK түймесін басыңыз.
5 - Құпия сөзді енгізіп, жүйеге кіру үшін OK түймесін
басыңыз.
6 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін (солға) түймесін
қайталап басыңыз.
37