User manual

Table Of Contents
7.4
Смартфондар және планшеттер
Смартфонды немесе планшетті теледидарға жалғау үшін
сымсыз байланысты пайдалануға болады. Сымсыз
байланыс үшін смартфонда немесе планшетте таңдаулы
қолданбалар дүкенінен Philips теледидарды қашықтан
басқару қолданбасын жүктеп алыңыз.
7.5
Blu-ray диск ойнатқышы
Blu-ray диск ойнатқышын теледидарға жалғау үшін
жоғары жылдамдықты HDMI кабелін пайдаланыңыз.
Blu-ray диск ойнатқышында EasyLink HDMI CEC болса,
ойнатқышты теледидардың қашықтан басқару құралымен
пайдалануға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін Help (Анықтама)
тармағындағы Keywords (Кілтсөздер) түсті пернесін
басып, EasyLink HDMI CEC деп іздеңіз.
7.6
Bluetooth®
Сізге не қажет
Сымсыз құрылғыны – сымсыз динамикті немесе
құлақаспапты – Bluetooth® арқылы теледидарға жалғауға
болады*. Сымсыз джойстикті Bluetooth® LE арқылы да
жалғауға болады.
Теледидар дыбысын сымсыз динамиктен ойнату үшін,
сымсыз динамикті теледидармен жұптастыруға болады.
Теледидарда бір уақытта бір-ақ динамик дыбысын
ойнатуға болады.
Назар аударыңыз - Аудио және бейне синхрондау
Көптеген Bluetooth® динамик жүйелерінде жоғары «кідіріс
кезеңі» болады. Жоғары кідіріс кезеңі — синхрондалмаған
«бейне мен дыбыс ауытқуына» себеп болатын бейнеден
кейінгі аудио дыбыстар. Сымсыз Bluetooth® динамигі
жүйесін сатып алудан бұрын, ең жаңа үлгілер туралы
хабарлап, төмен кідіріс кезеңі деңгейіне ие құрылғыны
іздеңіз. Дилерден кеңес алыңыз.
* Ескертпе. Теледидарда Bluetooth® мүмкіндігі кабельсіз
шынайы сымсыз құлаққаптармен дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін.
Құрылғыны жұптастыру
Сымсыз динамикті теледидардан 5 метр қашықтыққа
орналастырыңыз. Жұптастыру және сымсыз ауқым туралы
нақты ақпаратты алу үшін пайдаланушы нұсқаулығын
оқыңыз. Теледидарда Bluetooth® параметрі қосылғанын
тексеріңіз.
Сымсыз джойстик жұптастырылса, оны пайдалануға
болады. Сымсыз динамик жұптастырылған кезде,
теледидар дыбысын ойнату үшін таңдауға болады.
Құрылғы жұптастырылған кезде құрылғыны алмай тұрып,
қайта жұптастыруға болмайды.
Bluetooth® құрылғысын теледидармен жұптау үшін…
1 - Bluetooth® құрылғысын қосып, оны теледидар
ауқымына қойыңыз.
2 -
Settings (Параметрлер) > Wireless and
Networks (Сымсыз байланыс және желілер) тармағын
таңдап, мәзірге кіру үшін (оң жақ) түймесін басыңыз.
3 - Bluetooth > Search Bluetooth Device (Bluetooth
құрылғысын іздеу) тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Search (Іздеу) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Құрылғыны
теледидармен жұптайсыз және теледидар қосылымды
сақтайды. Жұптастырылған құрылғылардың саны ең көп
мөлшеріне жетсе, бірінші жұптастырылған құрылғыны үзу
қажет болуы мүмкін.
5 - Құрылғы түрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
6 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін (солға) түймесін
қайталап басыңыз.
Құрылғыны таңдау
Сымсыз құрылғыны таңдау үшін…
1 -
Settings (Параметрлер) > Wireless and Networks
(Сымсыз байланыс және желілер) тармағын таңдап, OK
түймесін басыңыз.
2 - Bluetooth > Search Bluetooth Device (Bluetooth
құрылғысын іздеу) тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
3 - Тізімде сымсыз құрылғыны таңдап, OK түймесін
басыңыз.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін (солға) түймесін
қайталап басыңыз.
Құрылғыны алып тастау
Сымсыз Bluetooth® құрылғысын жалғауға немесе
ажыратуға болады. Сонымен қатар сымсыз Bluetooth®
құрылғысын алып тастауға болады. Егер Bluetooth®
құрылғысы алып тасталса, құрылғы жұпталмайды.
Сымсыз құрылғыны алып тастау немесе ажырату үшін…
1 -
Settings (Параметрлер) > Wireless and
Networks (Сымсыз байланыс және желілер) тармағын
таңдап OK түймесін басыңыз.
2 - Bluetooth > Bluetooth құрылғысын шығару тармағын
32