operation manual

10
Қолд-р
10.1
Қолданбалар туралы
Home (Басты) мәзіріндегі
Apps (Қолданбалар)
арқылы
Apps (Қолданбалар) бетін ашуға болады.
Apps (Қолданбалар) беттері теледидардағы қолданбалар
жиынтығын көрсетеді. Смартфондағы немесе планшеттегі
қолданбалар сияқты теледидардағы қолданбалар теледидар
мүмкіндіктерін арттыруға арналған арнайы функцияларды
ұсынады. YouTube, Twitter, теледидар ойындары немесе ауа
райы болжамы және т.б. сияқты қолданбалар. Не болмаса,
интернетке кіру үшін, Google Chrome сияқты интернет
браузер қолданбасын іске қосыңыз.
Қолданбалар
Philips App Gallery (Philips қолданбалар
жиынтығынан)
немесе
Google Play™
дүкенінен келуі мүмкін.
Бастау үшін теледидарға кейбір қолайлы Apps (Қолданбалар)
алдын ала орнатылып қойған. Кейбір қолданбалар Apps
(Қолданбалар) беттерінде пайда болатын виджеттерді
ұсынуы мүмкін.
Қолданбаларды Philips қолданбалар жиынтығынан немесе
Google Play дүкенінен орнату үшін теледидар интернетке
қосылуы қажет.
10.2
Қолданбаны орнату
Қолданбаны Philips қолданбалар жиынтығынан немесе
Google Play дүкенінен орнатуға болады.
Қолданбаны орнату үшін…
1 - Home (Басты) мәзірін ашу үшін
HOME
пернесін
басыңыз.
2 - Үстіңгі жолақтағы
түймесін басып,
Apps
(Қолданбалар)
терезесін ашыңыз.
3 -
App Gallery
белгішесін немесе
Google Play
белгішесін
басыңыз.
4 - Қажетті қолданбаны таңдап, қолданба жанындағы орнату
түймесін басыңыз.
Теледидар қолданбаны жаңартады.
Орнатылған кезде, қолданба белгішесі Apps (Қолданбалар)
беттерінде пайда болады. Қолданбалар жиынтығынан
орнатылған қолданбалар орнатудан кейін автоматты түрде
ашылады.
Қолданбаны орнатуда мәселе болса, алдымен, Google Play
дүкеніндегі параметрлерді тексеріңіз.
10.3
Қолданбаны іске қосу
Қолданбаны Apps (Қолданбалар) беттерінен іске қосуға
болады.
Қолданбаны іске қосу үшін…
1 - Home (Басты) мәзірін ашу үшін
HOME
пернесін
басыңыз.
2 - Үстіңгі жолақтағы
түймесін басып,
Apps
(Қолданбалар)
терезесін ашыңыз.
3 - Қолданбалардың толық бетін ашу үшін
түймесін
басыңыз. Келесі беттерге өту үшін төмен жылжытыңыз.
4 - Қолданбаны іске қосу үшін қолданба белгішесін басыңыз.
Қолданбаны тоқтату үшін…
Теледидар көру үшін
HOME
пернесін басып, басқа
әрекетті таңдаңыз немесе
EXIT
пернесін басыңыз.
10.4
Chrome™
Браузерді ашу
Chrome™ интернет браузерімен интернетті теледидардан
ашуға болады.
Интернетті шолу үшін…
1 - Home (Басты) мәзірін ашу үшін
HOME
пернесін
басыңыз.
2 - Үстіңгі жолақтағы
түймесін басып,
Apps
(Қолданбалар)
терезесін ашыңыз.
3 -
Chrome
Қолданбасының белгішесін іздеп, оны басыңыз.
Теледидарда кез келген интернет веб-сайтын көруге болады,
бірақ олардың кейбіреуі теледидар экранына дайындалмауы
мүмкін.
• Теледидарда кейбір қосылатын модульдер (мысалы,
беттерді немесе бейнелерді көруге арналған) қол жетімді
емес.
• Интернет беттері бір-біреуден және толық экрандық
күйде көрсетіледі.
Интернетте шолуды тоқтату үшін…
Теледидар көру үшін
HOME
пернесін басып, басқа
әрекетті таңдаңыз немесе
EXIT
пернесін басыңыз.
Браузер туралы кеңестер
Беттерді сырғыту немесе айналдыру үшін меңзерді
пайдалануға болады.
Сырғыту үшін…
1 - Меңзерді беттің сол немесе оң шетіне орналастырыңыз.
37