operation manual

Арнаны құлыптау
Арнаны құлыптауға болады.
Балалардың арнаны қарауына тыйым салу үшін, оны
құлыптауға болады. Құлыпталған арнаны қарау үшін, алдымен
Child Lock (Балалардан қорғау құлпы) кодын енгізу қажет.
Бағдарламаларды жалғанған құрылғылардан құлыптай
алмайсыз.
Арнаны құлыптау үшін…
1 - Теледидар арнасын көріп отырған кезде арналар тізімін
ашу үшін
LIST
пернесін басыңыз.
2 - Кез келген топта құлыптау қажет арнаның үстіңгі жағына
меңзерді қойып, бас бармағыңызды көтеріңіз.
3 -
OPTIONS
пернесін, одан кейін
Lock Channel
(Арнаны құлыптау)
түймесін басыңыз. Құлыпталған арна
құлыппен
белгіленеді.
Арна құлпын ашу үшін, құлыпталған арнаны, одан
кейін
Unlock channel (Арна құлпын ашу)
опциясын таңдаңыз.
Құлпын ашу үшін Child Lock (Балалардан қорғау құлпы) кодын
енгізуіңіз қажет.
Ата-аналық рейтинг
Балалардың жасына сай емес бағдарламаны көруіне тыйым
салу үшін жас шегін реттеуіңізге болады.
Сандық арналарда бағдарламалардың жас деңгейі болуы
мүмкін. Бағдарламаның жас деңгейі балаңыздың жас деңгейі
ретінде орнатылған жаспен тең немесе одан үлкен болған
кезде, бағдарлама құлыпталады. Құлыпталған бағдарламаны
қарау үшін, алдымен Child Lock (Балалардан қорғау құлпы)
кодын енгізу қажет.
Жас деңгейін орнату үшін…
1 -
түймесін басыңыз және
(сол жақ)
Setup (Орнату)
түймесін басыңыз.
2 -
General Settings
(Жалпы параметрлер) >
Child lock
(Балалардан қорғау құлпы) >
Parental rating
(Ата-аналық
рейтинг) тармағын таңдаңыз.
3 - 4 сандық Child lock (Балалардан қорғау құлпы) кодын
енгізіңіз. Кодты әлі орнатпасаңыз,
Child Lock (Балалардан
қорғау құлпы)
бөліміндегі
Set code (Кодты орнату)
түймесін
басыңыз. 4 сандық Child Lock (Балалардан қорғау құлпы)
кодын енгізіп, растаңыз. Енді жас деңгейін реттеуге болады.
4 -
Parental Rating (Ата-аналық рейтинг)
тармағына кері өтіп,
жасты басыңыз және
OK
пернесін басыңыз.
5 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін
BACK
пернесін қайта-
қайта басыңыз.
Ата-аналық жас деңгейін өшіру үшін,
None (Ешқайсысы)
түймесін басыңыз. Алайда, кейбір елдерде жас деңгейін
орнатуыңыз қажет.
Кейбір тарату станциялары/операторлар үшін теледидар жас
деңгейі жоғарырақ бағдарламаларды ғана құлыптайды. Ата-
аналық жас деңгейі барлық арналар үшін орнатылады.
Жаңа арналар
Жаңа арналар арналар тізімінде сақталады
және
(жұлдызбен) белгіленеді.
Автоматты арна жаңартуынан соң жаңа арналар топта
автоматты түрде пайда болады. Жаңа арнаны тез арада
құлыптауға, атын өзгертуге немесе таңдаулы етуге болады.
Жаңа арнаға реттеген кезде, арна New Channels (Жаңа
арналар) тобынан жойылады.
Жаңа арналар тобын ашу үшін,
OPTIONS
пернесін, одан
кейін
Show New Channels (Жаңа арналарды көрсету)
түймесін басыңыз.
Таңдаулы арна ету үшін,
Edit Favourites (Таңдаулыларды
өңдеу)
түсті пернесін басыңыз.
Құлыптау, құлпын ашу немесе атын өзгерту үшін,
OPTIONS
пернесін басыңыз.
Жаңа арналар тобын жабу үшін,
Close (Жабу)
түймесін
басыңыз.
Арна атауын іздеу
Арналар тізімінен арна атауын іздеуге болады.
Арнаны арналардың белгілі бір тобынан іздейсіз. Арна
атауының бір бөлігін немесе толық атауын енгізуге болады.
Іздеу өрісі үлкен әріптер мен диакритикалық белгілерді
сезбейді.
Арнаны іздеу үшін…
1 - Теледидар арнасын көріп отырған кезде арналар тізімін
ашу үшін
LIST
пернесін басыңыз.
2 - Кез келген топта
OPTIONS
пернесін, одан
кейін
Search Channel (Арнаны іздеу)
түймесін басыңыз.
3 - Мәтінді енгізу үшін қашықтан басқару құралы
пернетақтасын пайдаланып,
Search (Іздеу)
түймесін басыңыз.
4 - Теледидар табылған арналарды көрсетеді.
5 - Қайта іздеу үшін,
Search Again (Қайта іздеу)
түсті
пернесін басыңыз.
Арна параметрлері
Параметрлерді ашу
Арнаны қараған кезде, кейбір параметрлерді реттеуге
болады.
Қарап жатқан арнаның түріне (аналогтық немесе сандық)
немесе жасалған теледидар параметрлеріне байланысты,
кейбір параметрлер қолжетімді.
Параметрлер мәзірін ашу
Арнаны көріп жатқанда
OPTIONS
түймесін басыңыз.
44