operation manual
18
Бейнелер,
фотосуреттер және
музыка
18.1
USB қосылымынан
Жалғанған USB флеш жадынан немесе USB қатты дискісінен
фотосуреттерді көруге немесе музыка мен бейнелерді
ойнатуға болады.
Теледидар қосулы кезде USB жад құрылғысын немесе USB
қатты дискісін USB қосылымдарының біріне жалғаңыз.
Теледидар құрылғыны анықтап, мультимедиалық файлдардың
тізімін береді. Файлдар тізімі автоматты пайда
болмаса,
SOURCES
пернесін, кейін
USB
түймесін
басыңыз.
Файлды іздеу өрісімен іздеуге немесе оларды құрылғыда
жасалған қалталар құрылымынан шолуға болады.
Сондай-ақ, теледидар мультимедиалық файлдардың түріне
сәйкес біріктіреді –
Videos (Бейнелер)
,
Photos
(Фотосуреттер)
немесе
Music (Музыка)
. Түсті перне
функциялары мен
OPTIONS ішіндегі опциялар әр түрге
арналған.
Бейнелерді, фотосуреттерді және музыканы ойнатуды
тоқтату үшін
HOME
пернесін басып, басқа әрекетті
таңдаңыз.
Ескерту
USB қатты жалғанған күйде бағдарламаны кідірту немесе
жазу әрекетін жасасаңыз, Теледидар USB қатты дискісін
пішімдеуді сұрайды. Бұл пішімдеу USB қатты дискісіндегі
бүкіл ағымдағы файлдарды жояды.
18.2
Компьютерден немесе NAS
қоймасынан
Компьютерден немесе үй желісіндегі NAS (Желіге тіркелген
қоймадан) фотосуреттерді көруге немесе музыканы және
бейнелерді ойнатуға болады.
Теледидар және компьютер немесе NAS бірдей үй
желісінде болуы қажет. Компьютерде немесе NAS
қоймасында Twonky™ секілді медиа сервер бағдарламалық
құралын орнату қажет. Медиа сервер файлдарды
теледидармен ортақ пайдалануға реттелуі қажет. Теледидар
файлдар мен қалталарды медиа сервер арқылы жасалғандай
немесе компьютерде не NAS қоймасында құрастырылғандай
көрсетеді. Теледидарда
OPTIONS ішіндегі түсті перне
функциялары мен опциялары медиа файлдардың барлық
түрлері үшін бірдей.
Медиа сервер файлдарды іздеуге қолдау көрсетсе, іздеу өрісі
қолжетімді.
Компьютерден файлдарды шолу және ойнату
үшін,
SOURCES
пернесін, кейін SimplyShare түймесін
басыңыз.
18.3
Мобильді құрылғыдан
Wi-Fi Miracast туралы
Wi-Fi Miracast™ құралы бар мобильді құрылғыдан
фотосуреттерді көруге немесе музыканы және бейнелерді
ойнатуға болады.
Теледидарыңыз —
Wi-Fi Certified Miracast™
бағдарламасын
қолдайтын құрылғы. Miracast™ бағдарламасымен смартфон,
планшет немесе компьютер экранын сымсыз жолмен
теледидар экранынан көруге және мазмұндарды бөлісуге
болады. Құрылғының экранындағы бейнелерді (дыбыс пен
бейне) ойнатуға, фотосуреттерді және басқа да
мазмұндарды бөлісуге болады. Құрылғыны үй желісіне
қосудың қажеті жоқ. Теледидар мен құрылғы — екеуі де Wi-
Fi Certified Miracast™ қызметін қолдайтын құрылғы болып,
Miracast функциясы қосылып тұру керек.
Осы теледидардағы Miracast HDCP протоколына қосылымды
және құрылғы жіберген көшірмеден қорғалған кеңейтілген
мазмұнды көрсете алмайды. Қолдау көрсетілген ең жоғары
бейне ажыратымдылығы 2, 4 Ггц Wi-Fi үшін 720 немесе 5 Ггц
Wi-Fi үшін 1080 p.
Wi-Fi Certified Miracast™ туралы қосымша
ақпаратты www.wi-fi.org веб-сайтынан қараңыз.
Wi-Fi®
, Wi-Fi CERTIFIED логотипі, Wi-Fi логотипі — Wi-Fi
Alliance компаниясының тіркелген сауда белгілері.
Wi-Fi
CERTIFIED Miracast™
,
Miracast™
— Wi-Fi Alliance
компаниясының сауда белгілері.
Miracast функциясын қосу
Wi-Fi Miracast қосулы екенін тексеріңіз.
1 -
түймесін басыңыз және
Setup (Орнату)
үшін
(сол
жақ) пернесін басыңыз.
2 -
General Settings (Жалпы параметрлер)
> Wi-Fi Miracast
тармағын басыңыз.
3 -
On (Қосу)
түймесін басыңыз.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін
BACK
пернесін қайта-
қайта басыңыз.
59